Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

План урока по казахскому языку в 4 классе по теме: «Хайуанаттар бағы»

Турубаева  Дария Сансызбаевна
учитель казахского языка и литературы
КГУ «Покровская средняя школа»
Есильского района,Северо-Казахстанская область,Казахстан

Мақсаты: аңдардың аттарын еске түсіре отыра  «Хайуанаттар бағында» аңдар не істеп жатыр?сұрағына жауап беру арқылы шағын мәтін  құрастыра  алуға үйрету.

 

Міндеттері : 1.Білімділік:тақырыпқа байланысты сөздерді меңгеру

2. Дамытушылық:түрлі тапсырмаларды орындай отырып,олардың   сөздік қорларын молайту,ойлау,есте сақтау  қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:аңдарды қорғауға,аялауға баулу.

 

Күтілетін нәтиже: Барлығы : аңдар атауларын еске түсіреді, хайуанаттар бағында тіркесімен қолданады.

Көпшілігі : аңдар не істейді сұрағына жауап береді

Кейбіреулері «Хайуанаттар бағы» тақырыбы бойынша шағын мәтін құрастыра алады

Әдіс тәсілдер:  Миға шабуыл, сұрақ –жауап,сәйкестендіру,мәтінмен жұмыс,коллаж жасау, топтық ,жұптық, жеке жұмыс
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнематериал, топқа бөлу пазлдары, тапсырмалар мәтіндері, колаж суреттері, бағалай парақшалары, смайликтер
Сабақ барысы  
Кезеңдер Тапсырмалар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыт
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу

Түгендеу

Жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру

Топқа бөлу:пазл жинау

Қайырлы таң,достарым!

Қайырлы таң, Ұстазым!

Бүгін ашық сабақ,

Келген қонақтарға да бір сәлем!

Қайырлы таң,Ұстаздарым!

Мұғаліммен, қонақтармен амандасады.

Пазлдар арқылы 4 топқа бөлінеді:

«арыстан»

«керік»

«піл»

«жолбарыс»

3
Миға шабуыл Сабақ тақырыбын ашу Бейнематериал көрсетеді де, сұрақтар қояды:

Бұл қандай көрініс?

Бұл не?

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады.

Оқушылар бейнематериал қарайды,сабақтың тақырыбын ашады. 2
Кіріспе бөлім Жаңа сөздермен жұмыс Слайд арқылы жаңа сөздерді көрсете отыра ,аудармасы мен айтылу, жазылуына назар аударады Жаңа сөздерді слайд арқылы меңгереді: мұғалімнің атылуын тыңдайды, іштей оқиды, дауыстап оқиды 2
Негізгі бөлім 1.Дәптерге күн мен сабақтың тақырыбын жазу

 

 

1.Бүгін нешесі?

Қазір қай жыл мезгілі?

Бүгін аптаның қай күні? Сұрақтарына жауап беруді сұрайды.

1.Сұрақтарға жауап беру арқылы ,дәптерге күн мен сабақ тақырыбын жазады.

 

 

1
 

2.«Хайуанаттар бағында» тапсырмасы: сөйлемді толықтыру.

 

 

 

2. тапсырманы түсіндіреді:

«Хайуанаттар бағында … бар»

 

 

 

 

2. Сандықтағы аңдарды ала отыра ,аңның атауын сөйлемде қолдану/аң атауларын еске түсіред/

 

3
3. «Хайуанаттар бағында аңдар не істеп жатыр?»

 

 

 

 

 

3. Слайд арқылы жаңа сөздер енгізеді: су ішіп тұр, ұйықтап жатыр, жапырақ жеп тұр, секіріп жүр.

 

 

 

 

3. ауызша кезекпен слайд арқылы аңдар не істеп жатқанын  айтады:

Аю ұйықтап жатыр.

Қоян секіріп жүр.

Керік жапырақ жеп тұр.

Піл су ішіп тұр.

 

3
4. «Сұрақ –жауап»

 

 

 

 

 

 

 

4.сұрақтар мен жауаптарды сәйкестендіру керектігін айтып түсіндіреді.

 

 

 

 

 

4.

1) кеспелердегі сұрақтар мен жауаптарын сәйкестендіреді.

2) жұптық жұмыс: екі сұрақтан алып бір-біріне қояды

Бір –бірін бағалайды/бағалау парақшасы/

 

5

 

 

5.Мәтінмен жұмыс: көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазу 5. Мәтін жазылған кеспелерді таратады 5. Топта мәтінді толықтырады. Әрбір топтан бір эксперт басқа топтың жұмысын тексереді. Бағалайды./бағалау парақшасы/

 

5
Сергіту сәті Қолды белге қояйық

Басты оңға бұрайық

Басты солға  бұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Бір демалып алайық

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Шумақты  дауыстап айтып, жаттығулар жасайды. 1
Бекіту Коллаж жасау«Хайуанаттар бағы» .

Қорғау .

Суреттер мен плакат беріп , түсіндіреді Топта «Хайуанаттар бағы» коллажын жасайды. Қорғайды .Басқа топтар  «бас бармақ» әдісімен бағалайды. 9
Қорытындылау «Үш,екі,бір» әдісі арқылы қорытындылау «Үш,екі,бір» әдісі арқылы сабақтағы іс-әрекетіне рефлексия жасауды айтады «Үш,екі,бір» әдісі арқылы сабақ тақырыбы бойынша үш сөз, екі сөйлем, бір сұрақ айтады 2
Бағалау Бағалау парақшасы Бағалау парақшасы бойынша өз бақылау нәтижесінде оқушылардың қорытынды бағаларын жариялайды. Бағаларын тыңдайды, өз пікірлерін айтады 2
Рефлексия «Смайликтер» Сабақта алған әсерлерін смайликтер арқылы білдіруді сұрайды. Сабақтағы әр оқушы өз көңіл-күйіне байланысты смайликті көрсетеді 1
Үй тапсырмасы 102-бет, 6-тапсырма-сұрақтарға жауап беру, жаңа сөздерді жаттау. түсіндіреді Күнделікке жазады 1

                      Скачать

Для заказа пишите в WhatsApp

+7 776 987 0729

Либо отправьте заявку с сайта (Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *