Ашық сабақ. “Республика және Президент”
Мусакулова Айзат Мустапаевна,
учитель казахского языка и литературы
сш №33 им. М.Ауезова
г.Тараз,Казахстан
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Қазақстан Республикасы, оның мемлекеттік құрылымы жалпы Республика туралы мағлұмат беру.Тілдік және лексикалық материалды жүйелі ұсыну арқылы оқушылардың алған білімін арттыра отырып, әңгімелей білуге үйрету.
Ә) Дамытушылық : оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін жеткізе
білуге дағдыландыру, танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашыл ізденіске бағыттау, ізденімпаздық ой-өрісін кеңейту.Мәтіннен етістіктің есімше және көсемше түріне тоқталу.
Б) Тәрбиелік: Отанды, халқын, тілін сүюге,Президентімізді құрметтеуге, тіл мәдениетіне, сезімталдыққа, имандылыққа, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіруге тәрбиелеу; достық қарым-қатынаста жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топтастыру, баяндау, сұрақ-жауап, сәйкестендіру, сызбалар, оқуды – оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы туралы презентация, бейнефильм, үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта, күйтаспа. АКТ құралдары: Интернет, постер, түрлі түсті бояулар, қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, жаратылыстану, музыка, орыс тілі, шет тілі.
Оқыту формасы: Топпен жұмыс.
Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы:
Әнұран: «Менің Қазақстаным»
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 -3 мин)
А.Оқушылармен сәлемдесу
Ә.Оқушыларды түгендеу
Б.Оқу құралдарын даярлатып,сабаққа бет бұру
Оқушыларды екі топқа бөлу. (ту мен елтаңбаның суреттері арқылы 2 топқа бөлемін).
Бағалау парақшаларын тарату.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (5-7 мин)
Үй тапсырмасы бойынша оқушыларға қойылатын сауалдар:
(оқушылардан үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы талдау)
1.Мемлекет дегеніміз не?
2.Мемлекеттің негізгі белгілері қандай?
3.Қазақстан қандай ел?
4. 1991,1997,1993,1995, 2017-бұл даталы жылдар нені білдіреді?
ІІI. Қызығушылығын ояту. ҚР туралы және Президент туралы бейнематериал көрсету.Осы бейнематериал арқылы жаңа сабақтың тақырыбын болжау.(2 мин)
Олай болса,қане ,балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
Жаңа сабақты хабарлау. Тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
IV. Ой қозғау.
Бүгінгі сабақты ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың өлеңімен бастайық:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем-, дей келе , бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз.
Жаңа сөздермен жұмыс (2 мин)
Сәйкестендір!
1.Мемлекет- кочевой- nomadic
2.Дербес- древний- state
3.Өркениетті- государство- post
4.Ғасыр- самостоятельный- ancient
5.Ежелгі- век- sovereign
6.Көшпенді- должность- civilized
7.Егеменді – многонациональный- independent
8.Көпұлтты- благосостояние – century
9.Лауазым- цивилизованный- welfare
10.Әл-ауқат- суверенный – multinational
Мәтіналды жұмыс: Жаңа сөздерді сәйкестендіріп болған соң,сөз тіркесі немесе сөйлем құрау.
Тыңдалым. Аудирование (3 мин)
Қазақстан Республикасы
Қазақ елі – Қазақстан деп аталады. Оның жері 5 Франция, 15 Бельгия жеріне тең. Бас қаласы – Астана. Қазақтар және қазақстандықтар туған жерін жақсы көреді. Бұл елдің тарихы ел қорғаған батыр бабалар есіммен тығыз байланысты. Тәуелсіздік үшін күрескен Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Қарасай сынды батырлар есімін қазақтар өз жүрегінде мәңгі сақтаған.
Қазақстан Республикасы шығысында Алтай таулары мен батысында Еділ, Жайық өңіріне дейін созылған кең байтақ жерді алып жатыр. Ұлан-ғайыр ата мекеніміз қандай кең болса, пейіліміз де, жеріміз де, тіліміз де керемет бай.
Қазақ елі, топырағы кешегі өткен дана Абайды, жыры семсер Махамбетті, шындықтың дәл өзіндей болған Бауыржанды, ұлы Мұхтарды, сөз зергері Ғ. Мүсіреповті, кеше ғана дүниеден өткен біртуар азамат Д. Қонаевты, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевты дүниеге әкелген.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін ең бірінші болып жариялады. Оның тәуелсіздігін ең алғаш Түркия таныды. Қазір дүние жүзі біледі десек, қателеспейміз.
Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Қазақстан бүкіл әлемге қарайды. Әлем Қазақстанға қарайды.
Дүние жүзінде соғыс пен ұлтаралық жанжал өршіген тұста халықтар достығын сақтап, ұлттар мен ұлыстардың сыйластығын және олардың өсіп, өркендеуіне жағдай жасап отырған – Қазақстан.
Осы бағытта Н. Ә. Назарбаев Отанымыздың гүлденуіне, халықтың әл – ауқатының жақсаруына айрықша күш салып келеді.
Н. Ә. Назарбаев -1940 жылы Алматы облысы
1947 – 48 жылы мектепке барды. Шамалған бастауыш мектебінде оқып, кейіннен Қаскелеңдегі Абай атындағы орта мектепті аяқтап, болашақ арман сапарына аттанды.
Жастықтың жомарт таңында Н. Әбішұлы 1958жылы Қаскелең орта мектебін бітірген қыруар балалардың ішінен жеке – дара комсомолдық жолдамамен Теміртауға бет түзеді. Сол 1958жылы Қазақстан Магниткасына Металлург етіп даярлау үшін мектеп бітірген 100 қазақтың жігітін іріктеп, Украинаның Днепродзержинск қаласына, бұрынғы Қазақстан Үкіметінің келісімімен шарт жасасып, 2жылға оқуға жібереді. Ішінде Н. Ә. Назарбаев әлгі жүз жігіт техникум дәрежесінде білім алып қайтады. Сол жылдарда, яғни Украина жерінде Нұрсұлтан спортпен, біраз түрлерімен жете айналысады. Назарбаев Қазақстан Магниткасында еңбек ете жүріп, 20жасында комсомолдың Орталық Комитетінде мүше болып сайланады. 1965жылы зауыт жанындағы жоғары техникалық факультетін бітіріп шығады. Бұл кезде бесаспап металлург еді. Сол кезде болашақ жары Сара Алпысқызымен кездесіп, отау құрады.
V. Мәтінмен жұмыс
Оқылым. (3 мин)
Екі топқа екі мәтін берілген.Оқып мәтіннің мазмұнымен танысады
1-топқа «Республика» атты мәтін
2-топқа «Президент» атты мәтін
Айтылым ( 5 мин)
Мәтін бойынша 2 топ бір-біріне сұрақтар дайындау.
1.Қазақстан Республикасы туралы не білдік?
2.Қазақ жері, қазақ елі үшін жанын қиған батырлар мен Республикамыздың біртуар азаматтары деп кімді атар едің?
3. Н. Ә. Назарбаев туралы не айтар едіңдер?
Жазылым (20 мин)
Мәтінмен жұмыс.Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма
Мәтіннен етістіктің есімше және көсемше тұлғасын табу.
Мысалы:аталады-түбірі-ата-ет, л- ыр-з ет.жұрнағы,а-көсемшенің жұрнағы, ды- жікт.жалғау III жақ
2-тапсырма
«Бес жолды өлең» құрастыру.
Республика (зат есім)
Дамыған,тәуелсіз ( сын есім)
Өркендеді,дамыды,байыды (етістік)
Қазақстан Республикасы-дамыған мемлекет ( сөйлем)
Туған жер (синоним)
Президент
Білімді көреген
Басқарды,ұйымдастырды,сайланды
Президентіміз елімізді әлемге танытты
Елбасы
3-тапсырма (топтар арасында жұптық жұмыс)
Сөйлесім. Диалог.
VI. Сабақты қорыту 5 мин
Постер қорғау
Республика-қоғамдық іс,мемлекет,ресми билік органдары,егеменділік, дербестік,дамыған қоғам,туған жер,Отан,мемлекеттік рәміздер
Президент-басшы,алдыңғы қатардағы адам, елбасы,ұйымдастырушы,үкімет,бас қолбасшы,көшбасшы
Бағалау.Спикер өз тобындағы оқушыларды жауабына қарай бағалайды
Аты-жөні:
Рефлексия. Кері байланыс парағы.