Б.Исаев. «Күріш туралы сыр»
Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район
КГУ «Ащигольская средняя школа»
Учитель начальных классов
Секей Аспенгуль
Сабақтың тақырыбы: Б.Исаев. «Күріш туралы сыр».
Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтінді түсініп оқиды, талдайды. Негізгі идеясын ұғады. Міндеттерді шешу үшін, өзіндік ой айтуға дағдыланады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау, болжам, топтық жұмыс.
Сабақтың қөрнектілігі: физикалық карта – Қызылорда; Арал теңізі, Сырдария өзені – суреттері; интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану ,қазақ тілі.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Ана тілім, туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірім таусылмайтын алтыным.
- ҚО: Тренинг арқылы, ребус шешу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс барысында, флипчарт салу,жұлдызшалар мен смайликтер арқылы бағалау.
Ребус шешу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
Әр топтан 1 оқушыға Қ.Төреғожаның «Бір дегенім» өлеңін мәнерлеп оқыту, сұрақ қою арқылы білімдерін бағалау.
1) –Өлеңнің мазмұны кім жайында?- Өлеңнің мазмұны жақсы сөз, тілек жайында.
2) –Өлеңдегі негізгі ой не? — Негізгі ой келешекке қуаныш сезім жайлы.
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушыларды «Ақжайық», «Қараөзен», «Сарышығанақ» атты 3 топқа бөледі. (Жеке жұмыс)
- Бүгін Базарбай Исаевтың «Күріш туралы сыр» деген мәтінмен танысамыз. Мәтінді оқып, талдаймыз.
Әр оқушы «Күріш туралы сыр» мәтінімен танысады.(Топтық жұмыс)
І топ; «Сыр өңірі» топтастыру
ІІ топ: Сыр перзенті
ІІІ топ: Агроном мамандығы
Әрбір оқушы оқып, өзі түсініп, топпен талқылайды. Топпен өзара жауаптарын қадағалап, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалайды.
«Болжам» стратегиясы: (слайд). -Мәтін не туралы болуы мүмкін?
- Көз алдарыңа не елестейді?
- Қандай кейіпкерлер болуы мүмкін?
- Күріш қай облыста егіледі?
-Балалар, күріш қай облыста егіледі? ( Қызылорда). Слайд (2)
– Қызылорда Қазақстанның қай жерінде орналасқан? ( оңтүстік). Физикалық картадан көрсету.
– Қазір осы мәтіннің авторымен танысайық: Базарбай Исаев ( слайд)
-Енді оқулықтарды ашамыз – 74 бет. Әр топ бір үзінді оқып, мағынасын түсінеді.
Сұрақ-жауап:
– Агроном қандай мамандық иесі?( Агроном – егіншілік пен өсімдік өсірудің жоғары білімді маманы, көп салалы ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдастырушысы.
- Айтылған оқиға Қазақстанның қай аймағында болған?(Қызылорда)
- Мәтіндегі ең өкінішті сәті?
- Қарт диқан неге кейіді?
- Қарт диқанның арманын кім орындады?( Мақсұт Нұрылдаев). Слайд
- Балалар, Ыбырай ата туралы не білесіңдер? (Слайд -2)
Сергіту сәті:
«Топтық жұмыс». (слайд)
- 1 топ: Мәтіннің тек жақсы жақтарын қарастырыңдар
- 2 топ: Мәтіннің жағымсыз жақтарын қарастырыңдар
- 3 топ: Әңгіменің өмірлік сабақ болатын жақсы мен жаман жағын атап көрсетіңдер
- 4 топ: Автор кейіпкерлер арқылы бізді неге, қандай болуға тәрбиелеп жатыр?
Қосымша мәлімет:
- Күріш – пайдалы дәнді дақыл. Күріш түрлерін білесіңдер ме? (слайд)
- Қызылорда халқы немен айналысады? (слайд)
- Күріштің қандай пайдасы бар? (слайд)
Қорытынды: – Бүгін сабақта не білдік? – Не үйрендік? – Не ұнады?
Рефлексия. ( Стикерлерге оқушылар сабақ туралы өз ойларын жазады)
Үйге тапсырма: 74-75 бет. Ыбырай Жақаев туралы мәлімет жинау.
Бағалау.