Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Б.Исаев. «Күріш туралы сыр»

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район

КГУ «Ащигольская средняя школа»

Учитель начальных классов

Секей Аспенгуль

Сабақтың тақырыбы: Б.Исаев. «Күріш туралы сыр».  

Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтінді түсініп оқиды, талдайды. Негізгі идеясын ұғады. Міндеттерді шешу үшін, өзіндік ой айтуға дағдыланады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау, болжам,  топтық жұмыс.
Сабақтың қөрнектілігі: физикалық карта – Қызылорда;  Арал теңізі, Сырдария өзені – суреттері;  интербелсенді  тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану ,қазақ тілі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Ана тілім, туған тілім, бал тілім,

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім,

Сен өмірім таусылмайтын алтыным.

  1. ҚО: Тренинг арқылы, ребус шешу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс барысында, флипчарт салу,жұлдызшалар мен смайликтер арқылы бағалау.

Ребус шешу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
Әр топтан 1 оқушыға  Қ.Төреғожаның «Бір дегенім» өлеңін  мәнерлеп оқыту,  сұрақ қою арқылы білімдерін бағалау.
1) –Өлеңнің мазмұны кім жайында?- Өлеңнің мазмұны  жақсы сөз, тілек жайында.
2) –Өлеңдегі негізгі ой не? — Негізгі ой  келешекке қуаныш сезім  жайлы.

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушыларды «Ақжайық», «Қараөзен», «Сарышығанақ» атты 3 топқа бөледі. (Жеке жұмыс)

  • Бүгін Базарбай Исаевтың «Күріш туралы сыр» деген мәтінмен танысамыз. Мәтінді оқып, талдаймыз.

Әр оқушы «Күріш туралы сыр» мәтінімен танысады.(Топтық жұмыс)

І топ; «Сыр өңірі» топтастыру

ІІ топ: Сыр перзенті

ІІІ топ: Агроном мамандығы

Әрбір оқушы оқып, өзі түсініп, топпен талқылайды. Топпен өзара жауаптарын қадағалап, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалайды.

 «Болжам» стратегиясы: (слайд).   -Мәтін не туралы болуы мүмкін?

  • Көз алдарыңа не елестейді?
  • Қандай кейіпкерлер болуы мүмкін?
  • Күріш қай облыста егіледі?

-Балалар, күріш қай облыста егіледі? ( Қызылорда).  Слайд (2)

– Қызылорда Қазақстанның қай жерінде орналасқан? ( оңтүстік). Физикалық картадан көрсету.

– Қазір осы мәтіннің авторымен танысайық: Базарбай Исаев ( слайд)

-Енді оқулықтарды ашамыз – 74 бет. Әр топ бір үзінді  оқып, мағынасын түсінеді.

  Сұрақ-жауап:

–    Агроном қандай мамандық иесі?( Агроном – егіншілік пен өсімдік өсірудің жоғары білімді маманы, көп салалы ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдастырушысы.

  • Айтылған оқиға Қазақстанның қай аймағында болған?(Қызылорда)
  • Мәтіндегі ең өкінішті сәті?
  • Қарт диқан неге кейіді?
  • Қарт диқанның арманын кім орындады?( Мақсұт Нұрылдаев). Слайд
  • Балалар, Ыбырай ата туралы не білесіңдер? (Слайд -2)

Сергіту сәті:

 «Топтық жұмыс». (слайд)

  • 1 топ: Мәтіннің тек жақсы жақтарын қарастырыңдар
  • 2 топ: Мәтіннің жағымсыз жақтарын қарастырыңдар
  • 3 топ: Әңгіменің өмірлік сабақ болатын жақсы мен жаман жағын атап көрсетіңдер
  • 4 топ: Автор кейіпкерлер арқылы бізді неге, қандай болуға тәрбиелеп жатыр?

Қосымша мәлімет:

  • Күріш – пайдалы дәнді дақыл. Күріш түрлерін білесіңдер ме? (слайд)
  • Қызылорда халқы немен айналысады? (слайд)
  • Күріштің қандай пайдасы бар? (слайд)

Қорытынды: – Бүгін сабақта не білдік? – Не үйрендік? – Не ұнады?

Рефлексия. ( Стикерлерге оқушылар сабақ туралы өз ойларын жазады)

Үйге тапсырма: 74-75 бет.  Ыбырай Жақаев туралы мәлімет жинау.

Бағалау.

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *