Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Ересектер тобындағы жаңа жылдық ертеңгіліктің сценарийі «Жарқырайды жыл шамы»

Казахстан, Восточно-Казахстанская область, г. Семей

ТОО мини-центр «Бақыт»

Учитель музыки

Дурилдекова Макпал Кабдулмуратовна

Көңілді әуен ойнап тұрады.

Жүргізуші: Бүгін бізде мереке

Жаңа жыл да келіпті

Қошаметтеп қарсы алайық

Балаларды көрікті

(Балалар әдемі би қимылдарымен шығады)

Келіңдер, келіңдер

Тамашаны көріңдер

Шыршамызға арналған

Әнімізге еріңдер

Ән: «Жаңа жыл келді»

Балалар отырады

Жүргізуші: Жаңа жылда қызық көп

Кереметтер болады

Әсем ән мен тілектер

Көңілдерге толады

Кенеттен есіктен Мыстан кемпір мен Кощей кіреді. Мыстан Ақшақардай, Кощей Аяз атадай киініп алған. Олар балаларды көрмеген кейіп танытады.

Мыстан кемпір: (Мыстан Кощейге қатты ұрысып келеді)Бол жылдам аяғыңды бассаңшы. Онсыз да кешігіп қалдық. Тез жүрсеңші. Кощей келіп сазайыңды берсе ғой.

Кощей: ол қалай менің сазайымды берер екен, егер мен өзім Кощей болсам. Мыстан сен жынданғысың ба?

Мыстан кемпір: Тыныш, үніңді шығарма. Мен саған мыстан емес, Ақшақармын. Ал сен Кощей емес, Аяз атасың. Есіңе сақтап ал. Байқа, шатастырып алма.

Кощей: (балаларды көріп)А балалар да келіпті

Мыстан: Назар аудар, операцияны бастаймыз! Артымнан ер!

(балаларға қарап) Сәлеметсіңдер ме балалар! (Кощейге) Бірдеме десеңші

Кощей: Не айту керегін білмесем ше?

Мыстан: Менің айтқандарымды қайталай бер тым болмаса

Кощей: Сәлеметсіңдер ме шырақтарым, балаларым.

Мыстан: Біз Аяз аталарың екеуіміз сендердің мерекелеріңе келдік.

Кощей: Біз Аяз аталарың екеуіміз сендердің мерекелеріңе келдік

Мыстан (Кощейді бүйірінен түртіп) Не айтып тұрғаныңды білесің бе? Не үшін келгенімізді айт!

Кощей: Біз Аяз атаның таяғын алып кетуге келдік, өйткені ол сиқырлы, барлық тілектерді орындайды.

Мыстан: Оған көңіл бөлмеңдер, ол қалжыңдап тұр. Ыстықта көп жүріп, қызуы көтеріліп кеткендей. (Кощейге) Ауырып тұрғандай бол.

Кощей: Ой-ой барлық жерім ауырып бара жатыр. Енді не істесем екен? (Әр жерін сипай береді)

Мыстан: әне көрдіңдер ме? Ол еріп бара жатыр, сондықтан оған ән айтып беру керек. Кане сен де қосыл.

Кощей: Мен не айтам. Ән білмеймін ғой.

Мыстан: Қыс туралы, аяз туралы білгеніңді айта берсеңші.

Кощей: Қане әуенді қосыңдар! (әндете бастайды)

Жүргізуші: Тоқта тоқта Аяз ата! Сен тіпті әнді де дұрыс бастамадың. Шынын айтсам сендер Аяз ата мен Ақшақарға ұқсамайсыңдар. Әлде нарықтық кризис әсер еткен бе, Аяз атамыз өте арықтап кеткен, Ақшақар болса қартайып кеткен бе қалай? Жарайды айт десеңдер балалар ән орындап береді.

Ән: «Все вокруг»

Кощей: Мен өзімді әлі де жайсыз сезініп тұрмын. Маған бір би билеп берсеңдер қайтеді?

Би: «Қаршалар»

Мыстан: Әне сендердің әндерің мен билерің Аяз атаны ауруынан сауықтырып жіберді. Ол енді бос сөздер сөйлемейтін болды.(Кощейге) Не істеп тұрсың, есіңді жи. Шырша шамын жағатын кез болды

Кощей:Не үшін?

Мыстан: Солай болуы керек. Жаңа жылда шырша шамы жарқырап тұруы керек.

Кощей: Жағу керек болса жағайық. (сіріңке алады) Менің нем кетіп барады. Әттең әдемі шырша еді.

Мыстан: (Кощейден сіріңкені тартып алады)Мұның не? Балалар Кощейге қалай жағу керегін түсіндіріңдерші. Әне сөзбен ақ жағуға болады. Кане барлығымыз бірге көрейік. Бір-екі-үш кане шырша жарқыра! (шыршаны жағады)

Мыстан: Міне көрдің бе атасымақ. Шыршаны сіріңкесіз де жақтық. Ал енді ойнай бер

Кощей: Не ойнаймын. Сен бәрін бастаған, енді өзің ретте

Мыстан: Мен бір ғана-тығылмақ ойынын білемін. Оны ойнауға жер тар

Кощей: Мен де бір ғана ойын білемін. Ол « »

Кощей: Қара мыстан, ой ақшақар! Балалар өте пысық екен, олар бәрін біледі.

Мыстан: Сен көп сөйлемей, одан да бірдеңе жасасаңшы

Кощей: Менің басымдағы миым ағаш боп кеткен, бірақ құлағым жақсы естиді. Біреу келе жатқанын естіп тұрмын. (музыка, фанфары) Жүр тығылайық!

Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата: Амансың ба ұлдарым,

Амансың ба қыздарым!

Аталарың сендерге

Асығып жетті алыстан

Ақшақар: Сағынып жеттік сендерге

Құрметті бала-балақан

Келіңдер шығып ортаға

Шыршаны тамашалайық!

Аяз ата: Рахмет әндерің қандай тамаша!

Жүргізуші: Біздің балалар ән ғана емес биді де жақсы билейді

Би «Гусарлар мен барышнялар»

Аяз ата: Сендер өте жақсы билейді екенсіңдер, менің немерем Ақшақар да жақсы билейді. Айтпақшы ол қайда?Тентегім менің қайдасың?

(Шыршаның артынан ку-ку деген дыбыс шығады)

Аяз ата дауыс шыққан жаққа жүреді. Солайынан шыршаның артынан Ақшақарды тауып құшақтап алып келеді.

Аяз ата: міне менің немерем-Ақшақар

Ақшақар: Мен сізге орындық берейін отырыңыз.

Ақшақар: Мен сендерге орманнан жеткенше шаршаппын.

Аяз атам да шаршады

Демалғысы келеді

Қай бала оған

Тақпақ айтып береді?

Балалардың тақпақтары

Ақшақар: Балалар мен де сендерге бір қызықты ойын әкелдім. Ойнаймыз ба?

Ойын: «———–»

Ақшақар: Аяз ата демалып

Ұйықтағысы келеді

Аяз ата: Шынымен де балалар

Мына жер жайлы екен ғой (қорылдап ұйқыға кетеді) (Әуенмен М мен Кощей кіреді)

Мыстан:Біздің Аяз атамыз

Тәтті ұйқыға кіріпті

Кощей: сиқырлы таяғын ұрлайтын

Кез де келген сықылды

Оятсам да тұрмайды

Тәтті ұйқысын қимайды

Мыстан: Аяз ата тұрсаңшы

Бізге мойын бұрсаңшы

Көрші балабақшаға

Сыйлықтар апарсаңшы

Тез-тезірек

Аяз ата: Иә,иә мен кеттім. Сендерге қайтарда соғам балалар.

Кощей : Аяз ата Ақшақарыңды ұмытпай ерте жүр

(Аяз ата мен Ақшақар кетеді)

Мыстан: Міне менің арманым

Міне аңсаған таяғым

Бізге байлық әкеледі

Бар тілекті орындайды

Кощей: Аяз ата келеді

Сазайыңды береді

Қане таяғым атқа айнал

Алыстарға бізді апар

(М.к мен Кощей кетеді. Аяз ата мен ақшақар келеді)

Аяз ата: Менің таяғым қайда? Таяғымды кім көрді екен?

Ақшақар: Біреу ұрлап кетсе керек. Балалар аяз атаның сиқырлы таяғын көрдіңдер ме?

(Балалардың жауаптары)

Аяз ата: Не деген жандар! Неше жыл орманда бірге тұрамыз. Олардан мұндайды күтпеген едім. Алысқа кете қойған жоқ шығар? Балалар оларды таба аламыз ба?

Ақшақар: балалар бірге қайталайық!

Аяқпен екі рет топырлат

Қолмен үш рет шапалақ

Тізеге де бір рет соқ

Бар ма олар, әлде жоқ?

(Кощей мен Мыстан пайда болады)

Аяз ата: Менің таяғым қайда?

Мыстан: Сонша неге айғайлайсың. Үстіндегі «Версачиден» киген қымбат тон

Кощей: Менің тонымды қарашы шұрық-шұрық

Мыстан: Сен сияқты баюға, барлық сыйды алуға сенің сиқырлы таяғың көмектеседі. Ал сен қайта бер.

Аяз ата: Жарайды. Сендер сол таяқтың көмегімен бай болғыларың келеді екен ғой. Көрейік, бірақ ол таяқта бір сиқыр бар, оған сендердің шамаларың келе қояр ма екен?

Кощей: Міне Аяз өзі бізге рұқсат берді, мен өте тәртіптімін рұқсатсыз ешнәрсені ала алмаймын.

Мыстан: Алдымен менің кезегім. Осы таяққа қол жеткізем деп небір қиындықтарға душар болдым

Кощей : Жоқ алдымен менің тілегім орындалуы керек. Мен болмасам сен орманда адасып кетер едің

Мыстан: Мен сенен кәрімін менің кезегім

Аяз ата: Қой мыстан. Тезірек айт тілегіңді. Не қалайсың?

Мыстан: 300 жылға жасарып, сұлу болғым келеді

Аяз ата: Мен сенің тілегіңді орындаймын, сен мына балалармен бір жақсы ойын ойнап жібер

Мыстан: Әрине қазір ақ ұйымдастырамын. Қане балалар билейік!

Жай ғана-билейік балалар!

Ашумен-тез тұрыңдар билеңдер!

Жай-өтінем билейікші

Ашумен-билемесеңдер пісіріп жеймін, тез биле!

Аяз ата сенің таяғыңның ешбір сиқыры жоқ!

Аяз ата: Сен өзің таяқтың талабын орындай алмадың, ешкімді кінәлама.

Кощей: Енді мен тілегімді айтам. Менің үлкен үйім болса ғой. Ана үйім ескірді. Үйімде электр жарығы мен жылу,су болатын болсын.

Аяз ата: Кощей сен қазір балалармен ойнап жеңе алсаң, сенің тілегің орындалады.

Ойын: « —— » (Кощей жеңіледі )

Аяз ата: Сен орындай алмадың.Сенің де тілегің орындалмайды, таяғым өзімде қалады.

Кощей: Қала берсін. Сенің таяғыңның ешқандай сиқыры жоқ

Аяз ата: Расымен де,таяқта ешқандай сиқыр жоқ, сиқырдың бәрі ақ жүрек пен адал ниетте.

Кощей мен мыстан: Сонда мына балалардың ата-аналары да өте қайырымды, ақкөңіл жандар ма?

Аяз ата: әрине. Ақшақар мына ата-аналармен де бір ойын ойнап жіберші. Көңілдері көтеріліп қалсын.

Ақшақар: Әрине Әрине. Айтқаныңыз болсын.

Ата-аналармен ойын: «——-»

Аяз ата: Ал енді менің кезегім, қане қатігездер мен мейірімсіздер тезірек мейірімдірек болыңдаршы.

Мыстан: Әрине мен мейірімдімін, мен әркезде де көңілдімін

Кощей: Мен де керемет өзгердім. Қандай керемет. Мен жуас боп қалдым. Негізінде мен өте нәзік жанмын ғой.

Би: « Санта Клаус»

Аяз ата: Әртістерім ау өте жақсы. Сендермен өте қызықты болды.

Шынымен өте тамаша

Балаларлар өте қызықты

Сендерге мен таратайын

Жаңа жылдық …………. Балалар: сыйлықты

Аяз ата: Менің үлкен дорбам қайда? Қазір көрейін. Міне бас киімім, міне қолғабым. Ал дорбам орнында жоқ, қазір оны шақырайын.

Мыстан мен Кощей: Кешіріңіз Аяз ата біз дорбаңызды келетін 2017 жыл-тауық жылы болғандықтан тауық аяқты үйшікке тығып қойған едік. Тауық жылына арнап балалар бір ән айтса ол келер деп ойлаймын.

Ән: «Қош келдің Жаңа жыл!»

Әуен ойналады. (Үйшік шығып, билей бастағанда сыйлықтар түсе бастайды. Мыстан мен Кощей сыйлықтарды тарата бастайды)

Аяз ата:Ал рахмет сендерге балалар. Біз енді сендерге тура бір жылдан кейін келеміз.

Барлық кейіпкерлер: Сау болыңдар! (кетеді)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар тағы да келген 2017 жыл-тауық жылы баршамызға құт береке әкелсін!

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *