Открытый урок по казахскому языку в 9 классе на тему “Шешендік өнер”
Казахстан,Акмолинская область,Атбасарский район,с.Полтавка
Полтавская средняя школа
Учитель казахского языка и литературы
Кисекева Гульнар Наймановна
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік– оқушыларға мәтіннің мазмұнын меңгерту, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту.
ә) тәрбиелік – қазақ халқының би, шешендердің сөздерімен таныса отырып, тапқырлыққа, әділ, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу.
б)дамытушылық – оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту, грамматикалық білімдерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекшімен сөйлесу.
- Сабақтың тақырыбын , мақсатын , барысын айту.
- Үй жұмысын тексеру.
1.Өткен тақырыпты қайталау.
Сұрақтар:
- Қырқүйек айында қандай мерекелер бар ?
- Сендер ана тілдерінен басқа қандай тіл білесіңдер?
- Тілді жақсы білу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
- “Тілге құрмет – елге құрмет” тақырыбы бойынша кімнің қанатты, атаулы сөзін жатқа білесіңдер?
- Үйге берілген “Ана тілі” өлеңін сұрау.
- Жаңа сабақ.
Мұғалім: – Балалар, Өткірдің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан
Білмеске арзан
Надандар баһра ала алмас.
Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең , өзің біл, – деген Абайдың бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсыңдар?
(Сөз өнері, шешендік туралы)
Ендеше, бүгінгі сабағымыз шешендік сөздері, шешендік өнері, құрметті , атақты шешен адамдар туралы болады.
1.Жаңа сөздермен танысу. 49 бет.
2.Жаңа сөздермен сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру.
3.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу.
- 3- тапсырма. 50 бет.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
5.Тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрастыру.
6.Тапсырма . Тест сұрақтарына жауап беру.
- Шешендік сөздерге не жатады?
А) эпостар ә) мазмұндамалар б) нақыл сөздер жиынтығы
2.Шешендік сөздерде не көрінеді?
А) өткен өмірі ә) ақыл- ойы, оқиғалары, арман- тілегі , дүниеге көзқарасы.
Б) келер шағы
3) Шешендік адам деген кім?
А) сөзге жүйрік, ділмар, тапқыр адам ә) ән жазатын адам
Б) шығарма жазатын адам
4) Демосфен, Цицерон деген адамдар кім ?
а) ғалымдар ә) ағартушылар б) жыраулар, ақындар,шешендер.
- Қазақ халқының атақты, қадірлі шешендері кім болған ?
А) Жиренше, Майқы би, Асан қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б.
ә) Шоқан Уәлиқанов, Ыбырай Алтынсарин, Сәкен Сейфуллин
б) Роза Бағланова, Күләш Байсеитова, Шәмші Калдаяқов.
7.Сергіту сәті.
- 6-тапсырма.51 бет. Өлеңді 3 минута есте сақтап , жатқа жазу.
9.7- тапсырма. 51 бет. Оқулықтағы мәтіннен бір сөйлемді алып ,синтаксистік талдау.
- Үйге тапсырма. 1. Жаңа сөздерді жаттау. 49 бет.
- 4- тапсырма. 50 бетте. Жазбаша синтаксистік талдау.
- Рефлексия . Әр оқушы стикерге өз ойларын жазып “Таразына “ жапсырады.
7. Бағалау.