Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Открытый классный час на тему “Тарих және заман”

Алмаганбетова Лаззат Торехановна,
школа-гимназия имени Шохана Уалиханова
г.Жанатас,Жамбылская область,Казахстан

Мақсаттары:

Оқушыларды конференцияға қатыстыра отырып еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ерлігін үлгі етіп көрсету, тәуелсіздіктің жетістіктерімен таныстыру.Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққатәрбиелеу

Көрнекілігі:  интерактівті тақта, слайдтар ,нақыл  сөздер, бейнефильм

Әдіс –тәсілдері:  сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу

Түрі : пресс-конференция

Конференцияға қатысушылар: оқушылардан құралған тарихшылар, саясаткерлер және журналистер.

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі конференцияның басты тақырыбы- «Тарих және заман».

Конференция – тарихшылардан, саясаткерлерден және сұрақ қоюшы журналистерден құралады. Екі топ дайындаған баяндамаларын ортаға шығып қорғайды. Тақырыпқа сай материалдар мен презентациялар дайындайды. Журналистер сұрақтар қойып тақырыпты бекітеді. Олай болса баяндамашыларымызды ортаға шақырамыз.

  • Тарих ғылымдарының докторы- Кәрібек Нұршат
  • Тарих ғылымдарының кандидаты- Чапаев Алихан
  • Саясаттанушы және әлеуметтанушы – Ажибекова Асия
  • Саясаттану ғылымының академигі- Төленбеков Хафиз

 

” Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы “-атты баяндамамен тарихшыларымызды ортаға шақырамыз.

Тарих ғылымдарының докторы- Кәрібек Нұршат:

Өткен тарихқа көз жүгіртер болсақ, бұл даланың тауы күрсініп, тасы қақ айырылар еді. Не көрмеді бұл дала?! Даласын жауынан, ұлтын қан сасыған қақтығыстардан сақтап қалу үшін ата-бабамыз батыстан шығысқа, шығыстан батысқа үдере көшумен болды. Әріде Абылай, Қабанбай, Бөгенбай батырлар мен Исатай, Махамбеттер елін, жерін жаудан қорғау жолында «қара қазан, сары бала қамы үшін», толарсақтан саз кешіп жүріп, қасық қандарын қиса, бертінде Алаш атын сақтап қалу үшін жұртына «Оян, қазақ!» деп ұран салып, маса боп ызыңдап, қараңғы халықтың санасын оятуды мақсат етіп, бебеу қаққан арыстарымыз М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтар арыстанша алысып жүріп, өмірден өтті.

Тарих – өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі, қазақ жері қасиетті, өйткені ата-бабаларымыз бізге бірліктің, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп, атының тұяғымен дүбірлетіп өткен атамакенін аманат етіп қалдырды.

«Найзағайы өзгешелеу шатырлар,

Бұл далада көп сортаңдар,

Татырлар.

Бұл далада өседі екен қасқайып,

Сексеуіл мен батырлар!»- деп ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, Қазақстан ешкімге, еш уақытта тәуелді болуға тиісті емес екенін уақыт дәлелдеді.

Иә, «тақымымызға бір тисе» деп арман еткен тұлпардың қолымызға ер-тұрмансыз, ноқта-жүгенсіз түсіп, жалына ғана жалаң қолмен жармасқанымызды ұмытпағанымыз жөн.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы шын мәнінде, қазақтың ұлт тәуелсіздігі жолындағы ең соңғы күресі еді. Дүниені дүр сілкіндірген бұл оқиға – қазақ жастарының еркіндікке, демократиялық жүйеге ұмтылысының беташары болды. Ұлан-байтақ жерімізді ат үстінен түспей жанқиярлықпен қорғаған ата-бабалардың ерлік-өнегесін, ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген алаш жастарының қайрат-жігерін осы желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың бойынан көруге болады. 1991 жылдың 17—желтоқсанында Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг болы өтті. Жиналған сан мыңдаған адамның алдына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп сөз сөйледі: «Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне, енді сол күнге де жеттік… Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын…

Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып , ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз білсек қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кез келген мемлекет жете бермейтін жетістігі.

Тарих ғылымдарының кандидаты- Чапаев Алихан:

Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіндегі барлық елдерге түгел дерлік танылды. Осы тәуелсіз еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев – білімімен де, табиғат сыйлаған дарынымен де халық қалаулысы болып, бір ауыздан сайланған алғашқы Президенті. Елбасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық ұзақ мерзімді бағдарламасы – халықтың өркениетті елдер қатарына бастар ақ жолы. Осыдан он жыл бұрынғы халқына арнаған алғашқы Жолдауында: «Қазақстан 2030 жылы дамыған, өркениетті, гүлденген, жасыл желекті елге, орта Азия Барысына айналады», – деп, қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мақсат-мұратын баян еткен болатын.

Тәубе, тәубе! Бүгінгі таңда «жүзі басқа, жүрегі бір, тілі басқа, тілегі бір» бірнеше ұлтты бауырына басқан көпұлтты еліміз бақыт құшағында!

Данышпан ғұлама Ж.Баласағұнның «Құтты білік» шығармасындағы: «Ел басқаратын Елбасы әділ, ақыл-парасатты, ой-танымы кемел, өнер-білімге жетік, сөзі майда, мінезі жұмсақ, кісі алдында кішік, сабырлы, жаудан қайтпайтын қайсар, қолы ашық жомарт, көзі мен көңілі тоқ, пендеге кек сақтамайтын, кешірімшіл, пейілі кең, дарқан мінезді болуы керек, оның міндеті – халыққа құт-бақыт, дәулет әкелу, әділ заң орнату, кедей халықты бай ету, халық санын көбейту»,- деген сөздері дәл Елбасына арнап айтылғандай. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған сарабдал саясаты, даналығы, парасаттылығы, еліне деген ерен еңбегі – біз үшін үлгі-өнеге! Ең бастысы, халық тілегі мен тілеуі болып отырған бейбітшіліктің берік сақталуы, тұрақтылық, шет елдермен қарым-қатынастың нығаюы – бұл Елбасымыздың кемеңгерлігі емес пе?!

Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып , ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз білсек қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кез келген мемлекет жете бермейтін жетістігі.

Келесі баяндамамен ортаға саясаткерлерді шақырамыз. Тақырыбы: «Жаңа ғасырға аяқ басқан жаңа Қазақстан».

Саясаттану ғылымының академигі- Төленбеков Хафиз:

Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет—Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ—на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп—жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.

Осыдан жиырма үш жыл бұрын Қазақстанның мемлекетік тәуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге кірісті, елдің ішкі және сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Республиканың саяси басшылығы өз азаматтарының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. Кеше ғана 30—тамызда қабылданған еліміздің Конституциясында адамды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, діни көзқарасына байланысты ешқандай кемсітуге болмайтындағы анық айтылған. Елімізде Президент қызметінің енгізіліуі қоғамдық—саяси өмірде терең саяси реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. Қазақстанда бір партиялық жүйенің орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. 1996 жылдың 30—қаңтарынан бастап екі палаталы парламент жұмыс жасап келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік берілді. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасы жақсарды. Қазақстан Республикасының азаматтары экономикалық еркіндіктің арқасында меншік иелеріне айналды. 1993 жылы 15—қарашада Ұлттық валюта—теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды.

Саясаттанушы және әлеуметтанушы – Ажибекова Асия:

Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сәтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді. Жетпіс жылдан астам қалыптасқан сананы, дүниетанымды өзгерту міндеті де оңайға соқпады. Меншікке қатысты көзқарастың өзгеруіне өмірдің өзі түрткі болғандықтан, жаппай жекешелендіру экономикалық қайта құру жолындағы алғашқы батыл қадам болды. Сыртқы сауданы одан әрі ырықтандыруға және елді дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне енгізуге бағытталған сыртқы экономикалық қызмет реформасы табысты жүргізілді. Банк жүйесі батыл түрде реформаланды, халықтың банкке деген сенімі арты және жеке тұлғалардың банк жүйесіндегі салымдары тұрақты түрде өсті.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін құрды. БҰҰ—ның шешімімен тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген, Семей ядролық полигонын жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларға қол жеткізді.

Еліміздегі аса өзекті әрі кезек күттірмес басты мәселеміздің бір болып саналатын — тіл саясатын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз парасатты байыптылық танытып жүргізіп келе жатырмыз. Дегенмен, Қазақстан халқы мынаны түсінулері керек: қазақ тілі осы мемлекеттің негізгі қолданыс тілі. Бұл тіл осы мемлекеттен басқа ешбір елде дами алмайды, бұл тілдің басқа Отаны жоқ. Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін әрбір азамат бұл тілді білуге міндетті. Тіпті қазақстандық патриотизм бізді осыған жетелеуі қажет.

Болашақта еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттердің қатарынан орын алатынына барлық қазақстандықтар күмәнсіз сенеді. Осындай секіріс жасау үшін барлық қоғамдық ресурстарды топтастыру мен жұмылдыруға тура келеді. Бай да бақуатты Қазақстан идеясы ел кеңістігіндегі ішкі ұлттық ынтымақтастықпен тиімді біртұтас рухани, мәдени, экономикалық және саяси жүйенің желісін айқындап, олардың қалыптасуына оң ықпалын тигізеді.

Мұғалім : Конференцияға бір топ журналистеріміз келіп отыр. Олардың тарихшыларға және саясаткерлерге қояр сұрақтары бар.

1топ-журналистер. «The New York Times»,«Правда», «АКИpress», «Егеменді Қазақстан», «Dally news», «Новости Узбекистана»

Желтоқсан оқиғасы туралы сұрақтарға жауап берушілер-тарихшылар.

Ұнтаспадан «Желтоқсан желі» әнінің үні баяу ғана естіледі.

Журналист.1«The New York Times»-газетінің тілшісі Төреқазы Балауса:

Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не? Бұл оқиға неге желтоқсан оқиғасы деп аталды?

Тарихшылар: 1986 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

«Правда»-газетінің тілшісі-Сайлау Аяна

Журналист – Жастар наразылығы неге біздің басшылардан және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты? Және бұл оқигаға Қонаев ақсақал қалай қарады?

Жауап: Тарих ғылымдарының кандидаты- Чапаев Алихан

Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады. Желтоқсан қозғалысың басу, оны ұйымдастырушыларды жазалау басында орталықтың өкілдері тұрды. Колбиннің өзі басқарды. Колбин, Қонаев жастарға барып басу айтпады. Одан бас тартты, – деп кінәлады. Шындығында Қонаевты алаңға шығармай, сөйлеткізбей үй қамауында ұстады. Андыды.

«АКИpress»-газетінің тілшісі Ишан Нұркен

Журналист : – Бұл оқиға Алматыда болды ма? Әлде еліміздің басқа жерлерінде қолдау тапты ма?

Жауап: – Алматыға келетін жолдар жабылды. Аэропорт жұмысын уақытша тоқтатты. Поездер жүргізілмеді. Бірақ республиканың басқа жерлерінде де толқулар болып, наразылық туғанын ешкім білмеді. Оқиға тек астанамен шектелмегені кейін белгілі болды. Наразылық шерулер Жамбылда, Жезқазғанда, Қарағандыда, Арқалықта, Көкшетауда, Шымкентте, Талдықорғанда, Сарыөзекте, Талғарда, Шамалғанда өтті.Бұған 2500-дей адам қатысып, оның 281 ұсталған.

Мұғалім: Біздің журналистеріміздің саясаткелерге де қояр сұрақтары бар.

2-топқа журналистер сұрақ қояды.«АКИpress»-газетінің тілшісі- Байсейтова Динара

Журналист: Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған қандай мемлекеттер болды? «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөз қаншалықты ақиқат?

Жауап: Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілігінн ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй—тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция т.б. ірі—ірі мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың соңына дейін мойындады.

«Егеменді Қазақстан»-газетінің тілшісі-Мауленов Асылбек

Журналист:ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ?

Жауап: ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті.

Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі.

Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді.

EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.

«Правда»-газетінің тілшісі Шугаева Балнұр:

Биылғы Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»-атты халыққа жолдауы қаншалықты маңызды?

Саясаттану ғылымының академигі- Төленбеков Хафиз

Жауап: Елбасы кеше «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялады. Бұл ауқымды Жолдау, өйткені, онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ. Бюджеттен, Ұлттық қордан, шетелдік инвестициялардан экономиканы дамытуға, жол салуға, халықтың әлжуаз тобына, шағын және орта бизнесті қолдауға қомақты қаражат тартылмақшы. Барлығы 24 млрд доллар жұмсалады. Тарихи Жолдау, өйткені, Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға берді, еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындады. Осылайша, ел басшылығының Қазақстан тағдырына қатысты саяси жауапкершілікті алуға дайын екенін көрсетті. «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосады. Сонымен қатар апатты мектептер мәселесін шешу үшін Үкімет қосымша 70 млрд теңге бөлетін болды. Бұдан бөлек, Президент балабақшалардың жетіспеушілігіне де тоқталып, осы бағытта мектепке дейінгі мекемелердегі мәселелерді алдағы үш жылда шешуді жүктеді. Бұл үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінбек»,-дейді білім қызметкері.

«Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі, болашақтың тірегі жастардың білім саласында толыққанды білім алуына жағдай жасалып отыр. Осының барлығы Елбасының қамқорлығының арқасында.

 

Мұғалім: Осымен сұрақ-жауап айдары аяқталды, келесі кезекте конференцияны бекіту мақсатында өздеріңізге арнап дайындаған бейнефильм материалымызды ұсынамыз.

Конференцияның соңында тақырыпқа сай бейнефильм көрсетіліп тақырып бекітіледі.

Қорытынды : Мұғалім сөзі

Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Биылғы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»-атты жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Елімізді өркендетуге сендер де болашақта ат салысады деп сенемін.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың

«Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық.

Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы.

Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз.

Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар.

Лайым бетімізден жарылқасын!

Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың

аруағы желеп-жебеп жүре көрсін!» деген сөзімен бүгінгі конференциямызды аяқтаймыз.

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *