Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

План проведения открытого урока на тему “Тәуелсіз Қазақстан”

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Айыртауский район, село Саумалколь
КГУ “Агротехнический колледж Айыртауского района с. Саумалколь”
Преподаватель казахского языка и литературы
Каконова Гульнара Амирбаевна
 
 

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, тілін құрметтеуге, рәміздерін қастерлеуге бағдар беру, мемлекет туралы алған білімдерін нақтылау, жинақтау.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру. Тәуелсіз еліміздің 20 жылдық шежіресімен таныстыру

3. Тәрбиелік: Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, құқықтану.

Сабақтың әдіс – тәсілі: ізденіс, пікір алмасу

 Көрнекілігі: слайдтар, буклет, оқулық.

Сабақтың эпиграфы:

Күннің көзі күлімдеп кең даламда

Құдретін танытқан бар ғаламға!

Алатаудай асқақтап тұрған биік

Қазақстан – жұмақ қой күллі адамға!

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысы, даярлығы тексеріледі.

–       Бүгінгі сабақта Қазақстан туралы білімдерімізді тереңдетеміз. Жаңа сабағымызды бастамастан бұрын өткен сабақтарға көз жүгіртіп өтейік

Терминологиялық диктант. «Сен білесің бе?»

1. Мағынасы қарама-қарсы сөздер

2. Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғануы арқылы жасалады

3. Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі

4. Мағынасы бір-біріне жуық сөздер

5. Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа сөздер

6. Дауысты  дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?

7. Үндестік заңы

«Жалғасын тап»

–       Ер елінде, …

–       Туған жердей жер болмас, …

–       Отансыз адам – …

« Отан – оттан да ыстық» . Олай болса, «Отан» сөзіне фонологиялық талдау жасайық.

 

«Отан» сөзінефонологиялық талдау

1. Жуан буынды сөз, себебі  сөз құрамындағы дауысты дыбыстар- жуан дауысты дыбыстар

2. Буын. Бұл сөз О – тан болып  екі буынға бөлінеді, себебі 2 дауысты дыбыс бар.

3. Тасымал. Отан сөзі 2 буыннан тұрғанмен тасымалданбайды. Себебі жалғыз дауысты дыбысты жолдың екінші  жағына қалдырып кетуге болмайды.

4. Екпін. Екінші буынға түседі

5. Буын және дыбыс үндестігі жоқ, себебі бұл түбір сөз

«Еліңнің ұлы болсаң, азаматтық намысың болса, жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»      

                                                                          Н.Ә. Назарбаев

Мәтінмен жұмыс.  «Егемендік» ұғымы.  Жаңа сөздерді сөздікке жазып алу

Егемендік – суверенитет                                                      басты шарты – главное условие

Сыртқы саясат – внешняя политика                                   қарым қатынастар – отношения

Ішкі – внутренняя                                                                 қабылданды – был принят

Қолданған – использовал

Схема

 

«Жылдар сөйледі»  Тарихи шолу

1991 жыл 1 желтоқсан – Халық Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады

1991 ж 16 желтоқсан – Қ.Р жоғарғы сессиясы “Қ.Р тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет” деп жариялады

Осы жылы Семей ядролық полигоны жабылды

1992 жылы 4 маусым – Қ.Р-ның рәміздері қабылданды

1993 жылы 15 қараша – Төл теңгеміз дүниеге келді

1995 жылы 30 тамыз – Ата-заң қабылданды

 

1986 жылғы 16-17 желтоқсанда болған оқиға – қазақтың қазақ екенін, ұлттың ұлт екенін дәлелдеп, бүкіл КСРО – ны дүр сілкіндірген, тоталитарлық режим үстемдігіне қарсы шыққан жастардың ерлігін көрсетеді.

Тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззат сынды апа – ағаларымыздың алдында біз мәңгі борыштармыз.

«Егеменді елдің болашағы» тақырыбындағы оқушылардың өзіндік жұмыстарының презентациясы. (Топпен жұмыс.Әр топ өз ойларын қорытады)

Қорытынды. Отан патриоты болу үшін өз Отанының, жерінің, елінің тарихын, мәдениетін, салт- дәстүрін, тілін құрметтеу керек. Тәрбие, тиянақтылық, адамгершілік сияқты қасиеттер ғана     қоғамның гүлденіп  дамуының негізі, болашағымыздың алтын арқауы болады.

 

Республика егемендік алысымен шетелдермен қарым- қатынас жасауға кірісті. Қазақстан дипломатиясының алғашқы міндеті – дүние жүзі мемлекеттері жүргізіп отырған халықаралық саясатқа ену. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі – біздің елге сырттан қауіп төнсе, басқа күшті ел қысым көрсетсе, оларды тәртіпке шақырып, бізге қамқоршы болу.

 

Миға шабуыл «Заңсыз арал»

Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді?

Қорытынды. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды»

                                                                         Б. Момышұлы

«Ойға жүгінсек»

ҚР Конституциясы

Поэзия минуты

Сабақты қорытындылау. Анаграмма.

1. Сөз байлығын зерттейтін сала

2. Жаңа сөз

3. Белгілі бір кәсіпке байланысты сөз

4. Бір – біріне мағынасы жақын сөз

5. Діни сөз

6. Қолданыстан шығып қалған сөз

7. Мағыналары қарама – қарсы сөз

 

Л е к с и к а  

 

Е г е м е н  
К ә с і б и
С и н о н и м
И м а м  
К ө н е р г е н
А н т о н и м  

 

 


5 ЖОЛ СТРАТЕГИЯСЫ

  1. Зат есім
  2. 2 Сын есім
  3. 3 естістік
  4. Сөйлем
  5. Синоним

Жауабы:

 

1. Мемлекет

2. Егеменді, тәуелсіз

3. Дамиды, гүлденеді, өркендейді

4. Қазақстан Республикасы – егеменді мемлекет.

5.Қазақстан

Бағалау

Үйге тапсырма

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *