Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Таза заттар және қоспалар

Казахстан,г.Павлодар
СОШ І№ 29
Учитель биологии
Ныгманова Айжан Сергеевна

Мақсаты:

Білімділік – оқушыларға таза зат пен қоспа заттың айырмашылығын түсіндіру;

Дамытушылық – сабақты өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, сұрақтар қою арқылы ой-өрісін дамыту;

Тәрбиелік – оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі :

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Баяндау, сұрақ – жауап, тәжірибелік, өзіндік жұмыстар жасау

Сабақтың жоспары:

1 кезең – ұйымдастыру

2 кезең – ұй тапсырмасын сұрау

3 кезең – жаңа тақырыпты меңгерту

4 кезең – бекіту

5 кезең – тәжірибе жасау

6 кезең – сарамандық жұмыс

7 кезең – ұйге тапсырма беру, қорытынды

8 кезең – рефлексия

  1. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінің сабаққа аудару

  1. Ұй тапсырмасын сұрау

1 Атом және молекула деген не?

2 Диффузия деген не? Мысал келтір.

3 Физикалық дене деген не?

  1. Жаңа тақырып
  • Балалар, мұхит суы қандай? (ашы, тұзды)
  • Неге ол тұзды? Қалай ойлайсындар? (тұз қосылған)
  • Дұрыс, себебі суға тұз қосылған, ол мұхит, теңіз сулары, яғни, ол ҚОСПА ЗАТ су+ тұз= мұхит, теңіз сулары

Бүгінгі біздің тақырып: Таза және қоспа заттар

Оқушылар тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқыша жазып алады.

Табиғатта таза заттар көп кездеспейді. Олар көбіне қоспа түрінде болады.

Қоспа екі немесе одан да көп заттардан турады

Мәселен, ауа бір ғана заттан құралмайды. Ауа — оттек, азот, көмірқышқыл газ, т.б. газдардың қоспасы екендігі сендерге бұрыннан мөлім. Табиғи минералдардың құрамына басты затпен коса бөгде заттар да кіреді. Айталық, Балқаш көлі мен Арал теңізінен өндірілетін ас тұзы бөлшектерінің арасында аздаған басқа тұздар да болады.

Мынадай тәжірибе жасайық: қанттың кішкене кесегін стақандағы таза суға салып ерітейік. Бастапқыда қант қатты күйдегі таза зат, ал су сұйық күйдегі таза зат болатын. Олардың қоспасы қанттың судағы ерітіндісі — бір ғана сұйық заттан құралғандай көрінеді. Қанттың судағы ерітіндісі біртекті қоспаға жатады.

Біртекті қоспаның құрамына кіретін заттардың бөлшектері жай көзбен, тіпті микроскоппен қарағанда да көрінбейді.

Бордың бір түйірін ұнтақтап, стақандағы таза суға салып араластырайық. Қанша шайқасак та бордың суда ерімейтінін көреміз. Лайланған ерітінді бор мен судың әртекті коспасынан тұрады. Жай көзбен қарап, коспаныңәртекті екеңдігін анықтаймыз, өйткені ол ұсақ бордың катты түйіршіктері мен сұйық судан тұрады.

  1. Бекіту

1 Қоспа заттарға мысал келтір.

2 Не себепті табиғатта таза заттар кездеспейді, оның орнына негізгі бөлігі қоспа болып келеді?

  1. Сарамандық жұмыс 80 бет (орындау)
  2. Үй жұмысы № 19, тәжірибе жасап келу.
  3. Қорытынды. Бағалау.
  4. Рефлексия «Бағдаршам» әдісі бойынша
(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *