Қыс келбеті
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: «Қыс мезгілі» туралы мәліметтерді жүйеге келтіру.Етістіктің ережесін қайталау. Өздері дайындаған қыс туралы суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, сөздерден сөйлем құрауға баулу.
Дамытушылық: Коммуникативтік сөйлеу дағдыларын дамыту; Сөйлемнен етістіктерді тауып, ажырата білу
Тәрбиелік: Қыс келбетін тамашалап, денсауылықты сақтауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, грамматикалық тапсырмалар, ойындар , суретпен жұмыс,
Әдіс- тәсілдер: «автор орындығы», сто әдісі, ашық сұрақтар ,ойын
Күтілетін нәтиже: «Қыс мезгілі» тақырыбына сұхбаттасады; Етістікті мәтіннен таба біледі; Сурет бойынша әңгіме құрастырады, сөздерден сөйлем құрайды.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Топқа бөлу. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
Жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылыр өз аттарына сын есім қосып айтады. Мысалы: Әсия-әсем, Марат-мейірімді.
II. Үй тапсырмасын тексеру. «Қыс» тақырыбына әңгіме «Автор орындығы»
1- тапсырма. Қар жинау ойыны. Дорбадан қар шашылады (қыс тақырыбындағы қағазға жазылған сөздер) , сөздің аудармасын білген оқушылыр қар жинайды. Көп қар жинаған оқушы жеңімпаз
2-тапсырма: 1-ші топ
1. Қыста не жауады?
2.Оны қардан жасайды. Көзі –көмір, мұрны-сәбіз. Ол не?
- Аққала жасағанда қолды суықтан қорғайды. Ол не?
2 –ші топ
1.Қыс мезгілінің бірінші айы?
2.Аязды күні су құйып, қатырып жасайды. Ол не?
- Мұз айдынында сырғанауға арналған аяқ киім. Ол не?
3-тапсырма: 1 топ
Киім кию (екі топтан оқушы шығып қыстық киімдерді киеді). Ол үшін сұрақтарға жауап береді. Мысалы: қыста оны қолға киеді. Қыста оны мойынға орайды )
4- тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді топта бірлесіп қазақ тіліне аударады. Мәтіннен етістіктерді табады.
Зимнии вид
Зима. Декабрь, январь, февраль-зимние месяцы. Зимой дни становятся короткими, а ночи длинными. Дни стоят холодные, морозные. Деревья и дома укытывается снегом. Реки и озера замерзают. Дети катаются на коньках и лыжах. Зима- красивая время года. Мне очень нравится зима.
Оранады-укытывается, қысқарады-становится короче, ұзарады- становится длиннее, күн- день, түн- ночь
5-тапсырма. Суреттер бойынша әңгіме құрастырады
Деңгейлі тапсырмалар
Бос орынға керекті сөздерді (етістікті) қойып жазыңдар
1. мұз ______________
2. қар ______________
3. Балалар __________
4 . Күн_________________
5.Түн ___________________
тапсырма
Бос орынға керекті сөзді (етістікті) жазыңыз.
Аралас сөздерден сөйлем құраңыз.
1. ыстық / ауа райы / жазда / болады.
2. көктемде / жауады / жиі / жаңбыр.
3. сарғаяды / ағаштың /күзде/жапырақтары.
4. ауа райы / бұлтты / кеше / болды.
Сабақтың қорытындысы:
Балалар, сабақты қыстың келбетін алдарында ілулі тұрған плакатқа жасап, сабағымызды қорытайық. Ол үшін сұрақтарға жауап береміз.
1. Қазір қай жыл мезгілі? (Қыс-бала)
2. Қыс айларын ата. (желтоқсан,қаңтар,ақпан-шана,шаңғы,коньки)
3. Ауа- райы қандай болады?
4. Қыста адамдар қалай киінеді? Не киеді? (жылы малақай,қолғап,тон)
5. Қыста қандай мерекелер болады (Тәуелсіздік күні, Президент күні, Жаңа жыл-шырша)
6. Қыста не жауада (қар)
7. Балалар қардан не жасайды?
8. Немен сырғанайды?
Үйге тапсырма: 87 бет. Өлең жаттау
Бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларға баға қою
Кері байланыс.