Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Қыс келбеті

Казахстан, Жамбылская, Кордайский район
Средняя школа № 12
Учитель казахского языка и литературы
Кусаинова Жамиля Демесовна

Сабақтың мақсаты:
Білімдік: «Қыс мезгілі» туралы мәліметтерді жүйеге келтіру.Етістіктің ережесін қайталау. Өздері дайындаған қыс туралы суреттер  бойынша әңгіме құрастыруға, сөздерден сөйлем құрауға баулу.
Дамытушылық: Коммуникативтік сөйлеу  дағдыларын дамыту; Сөйлемнен етістіктерді тауып, ажырата білу
Тәрбиелік: Қыс келбетін тамашалап, денсауылықты сақтауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, грамматикалық тапсырмалар, ойындар , суретпен жұмыс,

Әдіс- тәсілдер: «автор орындығы», сто әдісі, ашық сұрақтар ,ойын
Күтілетін нәтиже: «Қыс мезгілі» тақырыбына сұхбаттасады; Етістікті мәтіннен таба біледі; Сурет бойынша әңгіме құрастырады, сөздерден сөйлем құрайды.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.  Топқа бөлу. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

Жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылыр өз аттарына сын есім қосып айтады. Мысалы: Әсия-әсем, Марат-мейірімді.
II. Үй тапсырмасын тексеру. «Қыс» тақырыбына әңгіме  «Автор орындығы»

1- тапсырма. Қар жинау ойыны.  Дорбадан қар шашылады (қыс тақырыбындағы қағазға жазылған сөздер) , сөздің аудармасын білген оқушылыр қар жинайды. Көп қар жинаған оқушы жеңімпаз

2-тапсырма: 1-ші топ
1. Қыста не жауады?

2.Оны қардан жасайды. Көзі –көмір, мұрны-сәбіз. Ол не?

  1. Аққала жасағанда қолды суықтан қорғайды. Ол не?

          

2 –ші топ

1.Қыс мезгілінің бірінші айы?

2.Аязды күні су құйып, қатырып жасайды. Ол не?

  1. Мұз айдынында сырғанауға арналған аяқ киім. Ол не?

3-тапсырма: 1 топ
Киім кию (екі топтан  оқушы шығып қыстық киімдерді киеді). Ол үшін сұрақтарға жауап береді. Мысалы: қыста оны қолға киеді. Қыста оны мойынға орайды )
4- тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді топта бірлесіп қазақ тіліне аударады. Мәтіннен етістіктерді табады.

Зимнии вид

Зима. Декабрь, январь, февраль-зимние месяцы. Зимой дни становятся короткими, а ночи длинными. Дни стоят холодные, морозные. Деревья  и  дома укытывается  снегом. Реки и озера замерзают. Дети катаются на коньках и лыжах. Зима- красивая время года. Мне очень нравится зима.

Оранады-укытывается, қысқарады-становится короче, ұзарады- становится длиннее, күн- день, түн- ночь

5-тапсырма. Суреттер бойынша әңгіме құрастырады

Деңгейлі тапсырмалар

Бос орынға керекті сөздерді (етістікті) қойып жазыңдар

1. мұз ______________
2. қар ______________
3. Балалар __________

4 . Күн_________________

5.Түн ___________________

 

тапсырма

Бос орынға керекті сөзді (етістікті) жазыңыз.

Аралас сөздерден сөйлем құраңыз.
1. ыстық / ауа райы / жазда / болады.
2. көктемде / жауады / жиі / жаңбыр.
3. сарғаяды / ағаштың /күзде/жапырақтары.
4. ауа райы / бұлтты / кеше / болды.
Сабақтың қорытындысы:

Балалар,  сабақты қыстың келбетін алдарында ілулі тұрған плакатқа жасап, сабағымызды қорытайық. Ол үшін сұрақтарға жауап береміз.
1. Қазір қай жыл мезгілі? (Қыс-бала)
2. Қыс айларын ата. (желтоқсан,қаңтар,ақпан-шана,шаңғы,коньки)
3. Ауа- райы қандай болады?
4. Қыста адамдар қалай киінеді?  Не киеді?   (жылы малақай,қолғап,тон)
5. Қыста қандай мерекелер болады (Тәуелсіздік күні, Президент күні, Жаңа жыл-шырша)
6. Қыста не жауада (қар)

7. Балалар қардан не жасайды?

8. Немен сырғанайды?
Үйге тапсырма: 87 бет. Өлең жаттау
Бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларға баға қою

Кері байланыс.

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *