Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

От бізге дос па, кас па?

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Акжарский район, с. Ленинградское

ГККП Детский ясли- сад «Еркетай»

Воспитатель

Жагипарова Салтанат Каирнасовна

                                             Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Қантар айы 26 күні 2017 жыл

Білім беру саласы: Таным.

Бөлім: Жаратылыстану.

Тақырыбы: От бізге дос па, кас па?

Мақсаты: Білімділік: Оттың пайдасы мен зияны туралы білімдерін кеңейту; өрт кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Дамытушылық:  Өз іс-әрекетін қорытындылау, шешім шығару, логикалық пікір айту дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Өрт сөндірушілер қызметін құрметтеуге, қырағы, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: «Өрт сөндірушілер» деген төсбелгілер бас киім, суреттер, бейнетаспа, шырақ, шелек.

Сөздік жұмыс: өрт сөндіруші, өрт қауіпсіздігі.

Билингвальды компонент: өрт сөндіруші — пожарник, от -огонь, орт — пожар, өрт қауіпсіздігі — пожарная безопасность.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға бейнетаспадан өрт қауіпсіздігі туралы көрсету.

Балалар бейнетаспа не туралы ?

 

Бүгін біз сендермен оттың пайдасы мен зияны, өрттен қалай қорғану керектігімен, өрт сөндірушілердің еңбегімен танысамыз.

Балалар бейнетаспа өрт қауіпсіздігі туралы екенін айтады.

 

 

Ұйымдастырушы-

Іздену

 

Жұмбақ жасыру.

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін

Қақалса да түтінге

Тайсалмайтын батыл кім?

Жасқанбайтын батыл кім?

Дұрыс өрт сөндіруші.

 

Өрт сөндіруші қандай болу керек.

 

 

 

Кез келген адам өрт сөндіруші бола ала ма?

Дұрыс өрт сөндірушіге арнайы оқып, үйрену керек.

Өрт сөндіретін адамдардың мамандығын қалай атайды?

Ал өрт сөндіретін көліктің түсі қандай?

Сендер қалай ойлайсыңдар ол неге қызыл түсті.

Өрт шыққан жағдайда қандай нөмірге хабарласу керек?

Не айту керек?

 

Сурет бойынша әңгімелесу.

Сұрақтар қою.

 

Сендердің от туралы не білетіндеріңді «Жақсы-жаман» ойыны арқылы тексереміз.

«От — біздің досымыз»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«От-біздің жауымыз».

 

 

 

 

 

 

 

Билингвальды компонент: өрт сөндіруші — пожарник, от -огонь, өрт — пожар, өрт қауіпсіздігі — пожарная безопасность.

 

Енді балалар көзге арналған жаттығу жасайық.

Көзді жоғары төмен, оң жаққа, сол жаққа қозғалту.

 

От туралы мақал мәтел айтқызу.

 

 

 

 

 

Балалар кәнекей бәріміз жас білгіштер еліне саяхатқа барайық. Міне бұл сиқырлы дөңгелек. Бұл ойын «Жанады, жанбайды» деп аталады.

 

 

Балалар сендер өрт сөндіруші болғыларын келе ме?

Өрт сөндіруші оттың қасиетін білу керек, ол үшін тәжірибе жасайық.

От туралы не айтуға болады?

Отты қолға алуға бола ма?

Отты немен сөндіруге болады?

Оны қазір бәріміз тексереміз.

 

 

 

Эстафеталық жарыс ұйымдастыру.

Балалар кәне бір сәтке жас өрт сөндіруші болайық.

Балаларды екі топқа бөлу.

 

 

 

 

Жұмбақтың шешемін табады

 

 

 

Өрт сөндіруші.

 

 

 

Батыл, күшті, мықты, ештеңеден қорықпау керек.

 

 

 

 

Жоқ бола алмайды, өйткені бұл мамандық өте қауіпті.

 

 

Өрт сөндіруші.

Қызыл.

 

Өйткені от қызыл, көп көліктің ішінен тез көрінгендей.

101 нөміріне қоңырау шалу керек, аты жөніңді, мекенжайынды айту керек.

 

Балалар оттың пайдасы мен зияны туралы білетіндерін айтады.

 

От үйді жылытады, тамақ пісіреміз. От — символ, мәңгілік алау арқылы ардагерлерді еске аламыз. Олимпиада алауын спортшылыр алып жүгіреді.

Алау жағып, оның

айналасында адамдар

ән айтып, көңілді

отырады.

 

Отты дұрыс пайдаланбасаң,өрт шығады. Өрттен

адамдар көп зардап

шегеді. Отты дұрыстап

өшірмесең, ормандағы

ағаштар өртеніп кетеді.

Аңдар, құстар зиян

шегеді..

 

 

 

Балалар қайталайды.

 

 

 

 

Балалар қайталайды.

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып мақал мәтел айтады.

-Өрт тілсіз жау.

-Отпен ойнама күйерсің.

-Ойын түбі от.

-Отсыз тіршілік жоқ.

 

Балалар суреттегі әртүрлі заттардың атауын айтады.

Қайсысы жанады, қайсысы жанбайтынын айтады.

 

Иә.

 

 

 

 

 

От ыстық, әдемі.

Жоқ болмайды. Күйіп қаласың.

Балалар кезекпен жанып тұрған үш шырақты сумен, жермен, құммен сөндіреді.

От судан, жерден, құмнан қорқады деп қорытынды жасайды.

 

 

Балалар бастарына өрт сөндірушінің қаскасын киіп, қолдарына шелек ұстайды. Бұйрық берілгеннен кейін, конустардың арасынан ирек жолмен жүгіріп, суды «төгеді» (өртті сөндіреді) кері қайтқанда тура жүгіріп, шелекті келесі балаға ұсынады.

Рефлексті-түзету  Балаларға «Болады, болмайды» ойынын ойнату.

Ойыннын шарты: қызыл түсті болмайтын жағдайда көтеру, ал жасыл түсті болатын жағдайда көтеру.

Өрт болғанда 101 номіріне қоңырау шалуға…

Жанып тұрған сіріңкені тастауға…

Үлкендерді айқайлап шақыруға…

Өрт шыққан жерде қалуға…

Өрт кезінде керует астына, шкаф ішіне тығылуға…

Өрт кезінде есік, терезені ашуға…

Басымызды, бет аузымызды дымқыл орамалмен орауға…

 

Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер.

Балаларға «Жас өрт сөндіруші» деген төсбелгі тарату.

 

Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

Сұрақтарды мұқият тыңдап, дұрыс жауап беруге тырысады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: өрт қауіпсіздігі ережелерін; өз іс-әрекетіне ұқыпты болуды;

Игеру: оттың пайдасы мен зиянын; оттың қай кезде қауіпті екенін; өрт қауіпсіздігін сақтауды;

Айта орындай білу: өз пікірін айту; ойын қорытындылай алу дағдысын.

Поделиться ссылкой:


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *