Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Отандық телеарналар

Казахстан, Западно-Казахстанская область, Таскалинский район, с.Таскала

СОШ им. Ы.Алтынсарина

учитель казахского языка и литературы

Усенова Светлана Уразгалиевна

Сілтеме: Білім стандарты. Оқыту орыс тілінде жүретін 8-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығы (Артықова Т., 2012 ж.). Мұғалімге арналған нұсқаулық екінші (негізгі) деңгей.

Жалпы мақсат: Отандық телеарналар туралы білімдерін тереңдете отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабіллеттерін дамыту.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Қазақстанның негізгі телеарналары туралы мағлұмат алады. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады. Өз ойын, көзқарасын еркін, дұрыс жеткізуге, шығармашылыққа талпынады.

Сабақта туындаған негізгі идеялар: «Қазақстан» ұлттық телеарнасы эфирге алғаш рет 1958 жылы 8 наурызда шықты. «КТК» телеарнасы 1991 жылдан бастап жұмыс істейді. «Хабар» агенттігінің алматылық филиалы «Хабар» телеарнасы 1995 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасының ақпараттық қызмет базасының негізінде құрылды.

Оқыту әдістері: Жеке, диалогтік оқыту; жұптық, топтық жұмыс; СТО стратегиялары; АКТ, «Карусель» әдісі; өзара оқыту; өзара бағалау; өзін-өзі бағалау.

Ресурстар: бағалау парақтары, рефлексия парақтары, слайд-презентация, постер, маркерлер.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды орта қалыптастыру: Хормен Абай өлеңінен үзінді оқу.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

2 топқа бөлу: «Хабар», «Қазақстан», көшбасшысын сайлау.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін белгілеу, өзін-өзі бағалау парақтарын үлестіру.

ІІ. Өткен сабақпен байланыс: Етістіктің шақтары бойынша сұрақ-жауап. Кесте бойынша қайталау.

ІІІ. «Миға шабуыл». Топтастыру.

Топқа бөлінген кезінде сендер белгілі бір суреттерді таңдап, екі топқа бөліндіңдер, сол суреттерге қарап бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар? Қандай отандық телеарналарды атай аласыңдар?(Оқушылар өздері білетін телеарналарды атайды)

IV. Мағынаны тану.

1. Сөздік жұмысы (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым):

телеарна- телеканал

ақпараттық — информационный

тілші — журналист

қоғамдық-саяси — общественно-политический

жарлық — указ

ғылыми-ағартушылық — научно-просветительский

2. Топтық жұмыс:

«Қазақстан» тобына: мәтінді түсініп оқу, талқылау, «Қазақстан» телеарнасына таныстырлым жасап, ауа райы болжамын дайындау(постерге салу, таныстыру), бағдарламаларын таныстыратын дикторды дайындап шығару (Диктор оқитын бағдарлама ұсынылады).

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы — бiрiншi ұлттық қазақстандық телеарна. 1958 жылы негізі қаланған. Сол жылы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қазақстан» қонақ үйі 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ теледидарының тарихында жаңа кезең басталды. 1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан Президентінің жарлығымен «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан «Қазақстан» ұлттық телеарнасы деп аталды. 

«Хабар» тобына: мәтінді түсініп оқу, талқылау, «Хабар» телеарнасына таныстырлым жасап, өздерінің сүйікті әншілері мен журналист сұхбатын дайындау.

Хабар” — агенттік, телеарна. 1994 жылдың тамызында Қазақстан республикалық телерадио корпорациясы (ҚРТРК) жанынан құрылған Ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттіктен бастау алады. ”Хабар” телевизиялық арнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 20 сағат хабар таратады, жаңалықтарға басымдылық беріледі. Қазақстанның барлық облыстарында және ТМД-ның 5 елінде тілшілер бөлімі жұмыс істейді. Төл репортаждары Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 12 елінен әзірленеді. Ақпараттық-публицистикикалық, қоғамдық-саяси және экономикалық, ғылыми-ағартушылық, мәдени, ойын-сауықтық, спорттық бағдарламалары жақсы танымал арна ұсынатын телевизиялық сериалдар, деректі және көркем фильмдер рейтинг бойынша ең жоғары орында. 

3. Топтық жұмыстарын қорғау, өзара бағалау («Екі жұлдыз, бір тілек»).

4. «Карусель» әдісі: сыртқы және ішкі шеңберде қарама-қарсы отырған жұптар өздерінің сүйікті телеарналары және телебағдарламалары туралы баяндайды, сағат тілімен 3 рет ауысады. Мұғалім жұптардың жұмыстарын тыңдап, бақылайды.

Менің сүйікті арнам:

Бағдарлама атауы:

Мазмұны:

Ұзақтығы:

Эфирден берілу уақыты:

5. Сергіту сәті: «Дос» бейнеролигін тамашалау.

6. Жеке жұмыс: «тамашалау» сөзін келер шақта («Қазақстан» тобы) және өткен шақта(«Хабар» тобы) жіктеу, өзара бағалау.

7. Тілші моделін құру (ауызша).

Журналист қандай болу керек? (Жоғары мәдениетті адам, сабырлы, тартымды, шетел тілін меңгерген, үлкен жауапкершілікті түсіну, өмірге қызығушылығы, тән қасиет, мейірімді, ақылды, өз Отанын сүйетін,қоғамның тыныш, қалыпты өмір сүруін қалайтын адамдар болғаны жақсы )

-Қандай журналистерді білесіңдер? Олар қандай бағдарламалар жүргізеді?

8. Слайд-таныстырлым: «Белгілі Қазақстан журналистері»

9. «Абайлап сөйлеу-ақылдылық, инабаттылық белгісі».

-Сөзге, тілге байланысты қандай қазақ мақалдарын білесіңдер? (Оқушылар тілге, сөзге байланысты мақалдарды айтады).

Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

Сөз қадірін білмеген — өз қадірін білмейді.

Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.

Басқа пәле тілден.

V. Ой толғау. Сұрақтар:

-Қалай ойлайсыңдар? Қазіргі таңдағы теледидар бағдарламасы қандай деңгейге жетті? Мағыналы, қызықты , мазмұнды бағдарламалардың саны көбейді ме? Талдау жасаңдар.

(Оқушылар топпен ашық сұраққа жауап іздеп, өз ойларын білдіреді, талдау жасайды)

Қорытындылау. Телеарналардың маңызы туралы ойларын жүйелеу.

-Телеарналардағы бағдарламалар қоғамды толғандырып отырған өткір мәселелерді әңгіме өзегіне айналдырып, ел көлеміндегі аузы дуалы тұлғалардың ой-пікірлерін шынайы түрде халыққа жеткізеді. Ал білім беру бағдарламалары -телекөрерменнің білімін жаңалайтын және тереңдететін , ғылымның қандай да бір саласындағы нақты білімдер жүйесінде өзіндік маңызы бар телебағдарламалар.

VІ. Үй тапсырмасы: «Ұлттық телеарналар» тақырыбына реферат дайындау.

 VІІ. Бағалау. Оқушылардың орындаған тапсырмаларын қадағалау негізінде, толтырған өзін-өзі бағалау парақтарының нәтижелеріне қарай жиынтық бағалаймын.

VІІІ. Рефлексия. Балалар сабақтан алған әсерлерін рефлексия парағына белгілеп береді.

Сабақ не туралы болды?

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Бұл сабақта сен үшін не қиын болды?

Бұл сен үшін неге қиын болды?

Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсере аласың?

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *