Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

«Жабайы аңдар», қазақ тілі, дайындық тобы

Айман Айтмхамедқызы Тукенова,
«№126 сәбилер бақшасы – балалардың эстетикалық даму орталығы» МҚКК
Павлодар қаласы,Павлодар облысы,Қазақстан

Мақсаты: Тақырып бойынша сөздерді түсіну және қолдана білу.

Міндеттері:

Білімділік: Жаңа сөздерді қолдана отырып сөйлем  құрастыра білуді үйрету. Дамытушы: Қазақ тіліне тән дыбыстарды сөз ішінде таза, анық дыбыстай білу дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиеленуші: Аңдарға деген қамқорлық сезімдерін арттыр.

 

Сөздік: қоян, қасқыр, түлкі, тиін, аю, піл, жабайы аң, жыртқыш аң, айлакер аң, қорқақ аң.

 

Көп тілді компанет: жабайы аңдар-wild animals- дикие животные

Құралдар: суреттер, ойыншықтар, доп, деңгейлік карточкалар, мнемокесте

 

Әдіс-тәсілдер: қайталау, сұрақ – жауап, жеке жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, топпен жұмыс, фонетикалық жаттығу, сергіту сәті, сөйлем құрастыру, рефлексия.

 

 

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Сұрақ- жауап:

— Сенің атың кім?                      — Менің атым Ира.

-Сен неше жастасың?               -Мен алты жастамын.

— Қазір қай жыл мезгілі?          — Қазір қыс мезгілі.

— Бүгін аптаның қай күні?        — Бүгін -сәрсенбі.

т.б. сұрақ – жауаптар.

 

Өткен сабақты еске түсіру.

Д/ о «Тыңда, құрастыр»

Мақсаты: Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау, сөйлеу қабілетін дамыту.

Ойын шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады. Шеңбердің ортасында бір бала. Жүргізуші (мұғалім) шеңберді айналып орыс тілінде сөзді айтып, допты бір балаға береді, (балалар қолдарын артында ұстайды) доп алған бала сөзді қазақ тіліне аударады. Ал ортада тұрған бала  аталған сөздерден сөйлем құрып айтады.

Мысалы: Жылқының төлі құлын. Сиыр үй жануары.

 

ІІ. Жаңа сабақ.

  1. Мағынаны ашу.
  • Балалар, бүгін біз жаңа сабақ өтеміз. Жаңа сабағымыз басталмас бұрын мен сендерге тапсырма беремін, сендер сабақтың тақырыбын шешіп табыңдар.

Д/о «Не артық?» (ойыншықтар арқылы)

 

(балалардың жауаптары)

-Дұрыс? Бүгінгі тақырыбымыз «Жабайы аңдар»

 

  1. Сөздік жұмысы.

Мақсаты: Жаңа сөздерді дұрыс айта білу.

 

Балалар, жаңа сөздерді музыкалық аспаптар арқылы қайталап отырады.

қоян, қасқыр, түлкі, тиін, аю, піл, жабайы аң, жыртқыш аң, айлакер аң, қорқақ аң.

  1. Фонетикалық жаттығу. Қ, І – артикул. қайталау.

Мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстарды сөз ішінде дұрыс дыбыстауға жаттықтыру.

                         Ыр-ыр-ыр-ырылдайды қасқыр

                         Кі-кі-кі-бұлаңдайды түлкі

Д/о. «Қай сөзде бар?»

 

Балалар қалтадан бір-бір асықты алып, түскен дыбысқа сөз атайды.

Қ – қоян, қасқыр……;

Ү – үй, үстел,түлкі…;

І – түлкі, піл, тиін… .

 

4.Сергіту сәті: Қоңыр күзде, қоңыр түзде,

Қоңыр орман, қоңыр бар маң,

Қоңыр қонжық- қорбақ-қорбақ,

Қоңыр аю арбақ – арбақ,

Қоңыр төбе шақ – шақ.

Қоңыр түйе маң – маң.

 

 

5.Жеке жұмыс. Деңгейлік карточкалар арқылы.

Мақсаты: Балалардың білім деңгейлеріне қарай тақырыпқа қатысты сөздерді қайтлау.

 

1-ші деңгей: «Аңдарды ата»

2-ші деңгей: «Қандай аң?» (сөз тіркестер).

6.Тіл дамыту. Сөйлем құрастыру.(мнемокесте арқылы).

Топтық жұмыс.

Балалар үш топқа бөлінеді. Капитанды сайлайды. Үстелден қатысты сурет-схемаларды алып сөйлем құрастырады.

1-ші топ:

  • Қоян жабайы аң.Қоян орманда мекендейді. Қоян кішкентай, ақ,сәбіз жейді.

2-ші топ:

— Қасқыр жабайы аң. Қасқыр орманда мекендейді.Қасқыр жыртқыш аң, үлке, сұр, ет жейді.

3-ші топ:

— Түлкі жабайы аң.Түлкі орманда мекендейді. Түлкі айлакер аң. Үлкен, тоқсары. Түлкі балық, ет жейді.

 

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

 

  • Балалар сендердің сабақты қаншалықты түсінгендерінді байқайын. Біз қазір жеке карточкалармен жұмыс жасаймыз. Мен аңдарғақатысты сөздерді айтамын, ал сендер дөңгелектерді қажетті түспен бояйсындар.

( түлкі, қасқыр, аю, тиін, қоян, піл)

Балалар дөңгелектерді бояп болғасын тақтаға үлгіні іліп тексеру.

Балалар өз-өздерін тексереді.

Рефлексия:

  • Ал балалар бүгінгі көңіл күйлеріңді түспен бенелендер. Сиқырлы таяқшамен өздеріңе баға қойыңдар.

Мадақтау, қоштасу.

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *