Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Қазақстанның тау мұздықтары, география пәні, 8 — сынып

Әлімжанов Талғат Молдакерімұлы,
№15 орта мектеп,
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақ жол ауылы

Білімділік: Оқушылардың Қазақстанның тау мұздықтары туралы
білімін тереңдету.
Тәрбиелік: Туған жерінің, елінің жер бедерін білуге деген құштарлығын
арттыру, өз елінің табиғатын сүюге, танып білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
және іздену, жан — жақтылық, ұйымдастырушылық
қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: карталар, кескін карта, электронды оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, СТО стратегиясы элементтері
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушыларды түгелдеу
2) Оқушыларды топқа бөлу, топ басшыларын сайлау
3) Бағалау парақтарын тарату
4) Әр топ өз тақырыбын қорғау
ІІ Жаңа сабақ: Оқушыларға жаңа сабақтың мәтінінен құрастырылған тірек сөздер беру:
мұздықтар,
қар сызығы,
мұздық типтері,
Корженевский мұздығы
2. Тірек сөздермен, мәтінмен жұмыс.
3. Тірек сөздердің маңызын ашу топтар бойынша жұмыс жасау.
4. Топтар бір–біріне қарама — қарсы сұрақтар қояды, жаңа тақырып мәтіні бойынша.
5. Тест тапсырмаларымен жұмыс жасау:
а/ Қазақстан жеріндегі мұздықтар тараған аудандарды ата?
ә/ Республиканың барлық тауларында қанша мұздық бар? /2724/
б/ Мұздықтар ең көп шоғырланған аудан? /Жетісу Алатауы 1369мұздық/
в/ Мұздықтардың қанша типі бар?
г/ Қазақстандағы ең үлкен мұздықты ата? /Корженевский ұзындаға 14,4км,ауданы
36,8км2/
ІІІ Үй тапсырмасын қайталау:
1 — кесте
Кестені толтыру:
Өзендер алаптары жататын өзендер
1- кесте
Кестені толтыру:
Қазақстандағы ірі көлдер Осы көлге құятын өзендер
3 — кесте
Кестені толтыру:
Өзендер Бастауы Қайда құяды Салалары
Ертіс
Жайық
Сырдария
Іле

4-кесте
Өзендерді анықта? /Электронды оқулықпен жұмыс/
5. 4-кесте
«Су қойманы дұрыс орналастыр?»
Қай өзенде ? Қандай су қойма?
6. Кескін картамен жұмыс
7. Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей сұрақтары:
1. Жердің су қабығы?
2. Көл дегеніміз не?
3. Қазақстандағы ірі көлдерді ата?
ІІ деңгей сұрақтары:
1. Өзен бөліктерін ата?
2. Жасанды өзен қалай аталады?
3. Жасанды су қойма қалай аталады?
І деңгей сұрақтары:
1. Қазақстандағы ең ірі су қойманы ата?
2. Өзеннің су қимасымен бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшерін не дейміз?
3. Қазақстанның ірі көлдері проблемалары?
8. Ойын «Кім жылдам?»
1. Бір сөз
2. Сөз тіркесі
3. Сөйлем
9. Ойын: «Бес жолды өлең»
ІV Қорытынды кезең:
А) Жаңа сабақты пысықтау
Б) Оқушылар білімін бағалау
Үй тапсырмасы: § 26
124 — беттегі тапсырмалармен жұмыс жасау

Бағалау парағы



Скачать разработку полностью

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *