Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Үй жануарлары,сиыр және оның төлі бұзау

Аблакимова Шолпан Рамановна,
детский сад № 19 «Ақтілек»
г. Темиртау,Карагандинская область

Мақсаты: балаларға үй жануарларының неліктен «үй жануарлары» деп аталуын түсіндіру, пайдасы туралы  әңгімелеу.

Білімділік міндеті: олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық міндеті: жұмбақ шешу арқылы ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, ойындар, сергіту сәті

Көрнекілігі: үй жануарларының төлдерімен салынған суреті, сиыр мен бұзау суреті , муляж

Қостілділік компоненті: сиыр – корова, бұзау – теленок.

Ұйымдастыру:

Балалардың шеңберде тұрып, өзара сәлемдесуін ұйымдастырады.

Тәрбиеші:

Шуақ шаша,

Алтын таңда ,

Мөлдір таза ауада,

Табиғатта бәрі оянды,

Оян сен де бар бала.

-Балалар, таңертең көзімізді ашып терезеге қарасақ, алдымен нені көреміз? Әрине күнді, ол нұрын шашып тұрады. Күн жарқырап, нұрын шашқанда қалай қуанамыз?

«Алақай» деп қол шапалақтайды.

Балалар: Қуан,  шаттан, алақай,

                 Қуанатын келді күн.

                 Қайырлы таң, қайырлы күн,

                 Күліп шықты күн бүгін.

                 Қайырлы таң, қайырлы күн.

Өте жақсы, балалар енді орнымызға отырамыз.

Оқу барысы:

Педагог:  ендеше, балалар, бәріміз қуанып жаңа күнді қарсы алайық.

                 Күндей жадырап,

                Айдай арайлап,

                Жұлдыздай жарқырап.

                Судай мөлдір, таза көңілмен.

                Бүгінгі күнді бастайық.

Жұмбақ жасыру

               Төрт бұлағы – сүт,

               Баққанға ол – құт. (сиыр)

Жарайсыңдар, балалар сендер жұмбақты дұрыс шештіңдер.

Осы кезде топқа Дымбілмес келіп, балалармен сәлемдеседі.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен қайда тап болдым? Сендер кімсіңдер?
  • Біз «Балдәурен»  тобының балаларымыз.

Тәрбиеші: сіз кімсіз?

Дымбілмес: мен Дымбілмеспін.

Суреттер тауып алған едім, бірақ ненің суреті екенін білмеймін, маған көмектесе аласыңдар ма?

  • Әрине, көмектесеміз.

Тәрбиеші: балалар, Дымбілмеске көмектесеміз бе? (жауап береді)

Тәрбиеші: Дымбілмес, сен біздің балалармен бірге бол, олар саған үйретеді.

Балалар  тәрбиеші мен бірге,  суреттегі сиыр  оның төлі бұзау екенін және олардың үй жануарлары екенін айтып, пайдасы туралы түсіндіреді.

Үй жануарларымен таныстырады: сиыр – бұзау, қой – қозы, ешкі – лақ, жылқы – құлын, түйе – бота.

Ильяс:  Тентек болма, ақ бұзау,

              Еріншек болма, ақ бұзау.

              Кең далада сенімен,

              Жарысып мен жүгірем.

 Рамина:Мінезім жайлы сиырмын,

               Байлығымын бір үйдің.

               Етім дәмді, сүтім бал,

               Сиырымды менің ұтып ал.

Қостілділікті пайдалану: сиыр – корова, бұзау – теленок.

Ойын: ендеше, балалар «малдың төлін тап» ойынын ойнайық.(қимыл қозғалыстар орындайды)

Сергіту сәті: «Төлдер жыры»

  • Балалар, мына тапсырмаларды бірге орындайық. (шығармашылық)

1-орталық: «Үй жануарларын құрастыру»

2-орталық: «Сүйкімді төлдерді бөлу»

3-орталық: «Қайсысы артық?»

  • Дымбілмес, біздің балалардан біраз нәрсе үйрендің бе?

Дымбілмес: иә, біраз нәрсе үйрендім. Мен енді  балабақшаға келіп, сіздерден сабақ үйреніп тұруыма бола ма?

Тәрбиеші: әрине, келіп біздің балалардан үйреніп тұр.

Дымбілмес: рахмет сіздерге. Мен көп жаңа мәлімет білдім, әлі тағы келемін, сау болыңыздар.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: үй жануарлары сиыр мен оның төлі бұзауды.

Меңгеруі: жануарлар жайлы тақпақ айта алады.

Түсінігі: үй жануары сиыр және оның төлі бұзау туралы түсінік алды.



Скачать разработку полностью

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *