Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты

Сабақта жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру

Казакстан, Жамбылская область, г. Тараз
Средняя школа №46
учитель начальных классов
Сагатбекова Арманай Есимханкызы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау: жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық,
коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделеді.
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан — жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін — өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу — танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан — жақты дамытуға жетелейді.
Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс — тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.
Сонда ғана өзін — өзі дамыта алатын, өзін — өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе — жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан — жақты дамыту арқылы олардың бойынан:
— адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды
— белсенділікті, қабілетті тұлғаны
— жоғары мәдениеттілікті көре аламыз
Сондықтан мұғалім жаңашыл, жан — жақты болу керек.. Дарынды ұстаз К. Д. Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте — бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш — жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен.
Олай болса мұғалім өз сабағының жоғарғы мәнінде оқушының қызығушылығын оятатын, әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет етеді.

Ұлы педагог Д.Ушинскийдің пікірінше бастауыш сыныптағы оқыту процесі салалы және дамыту сипатында болуы қажет. Ал бастауыш сынып оқушыларының қабылдау мүмкіндіктері түрліше. Сондықтан олардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын жеткізудің сан түрлі тәсілі қолданылады.

Қазіргі таңда оқытудың, білім берудің инновациялық технологиялары өте көп.

Бастауыш сыныптарда қолданылатын инновациялық технологиялар түрі.

Модульді оқыту

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру

Дамыта оқу

Бастауыш сыныптарда қолданылатын инновациялық технологиялар түрі.

Тірек сигналдары арқылы оқыту

Ойын арқылы оқыту

Жаңа ақпаратты коммуникациялық

СТО

Бұл инновациялық оқыту технологияларының барлығы дерлік бірінші орынға баланың білімін және білім ала отырып жеке тұлғалық дамуын қойып отыр. Даму – жаңаша ойлау нәтежиесінде пайда болады.

Бастауыш білім — бар білімнің бастауы деп жатамыз. Осыған сәйкес бастауыш сынып оқушыларына білім беру мен білім,білік дағдыларын жетілдіре отырып,оларды жан-жақты дамыту бұл біздің, яғни бастауыш сынып ұстаздарының басты мақсаты, талабы. Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда қолданылатын жаңа әдіскерлік тәсілдердің талабы қандай болмақ деген сауал туындайды.

Білім беру деңгейіндегі қолданылатын

оқыту технологияларының негізгі талаптары

туғызу

Оқушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай

туғызу

Оқушылардың қызығушылығын дамыту

Өз бетімен жұмыс істеп, шешімін қабылдауға мүмкіндіктер туғызу

Жеке басты дамытуға әдіс-тәсілдерді қолдану

Осы талаптарды жүзеге асыратын сын тұрғысынан ойлау және жазу әдістемелік жүйесі. Олай дейтін себебім: бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушыларды оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз,педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтежиесінде неғұрлым дамыған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалуға үйретеді. Сондықтан мен өзім жетекшілік ететін сыныбымда сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолданамын және оқушыларымның сабаққа қызығушылығын арттыруыма , білім сапасының артуына елеулі үлес қосты дей аламын. Оған бірнеше мысалдар келтіре кетейін.

Сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясы негізінен үш бөлімнен тұратынын бәріміз білеміз. Бұл

Сто

Қызығушылықты Тақырып туралы

ой толғаныс

ояту Мағынаны тану

Сабақты бастамас бұрын сол сабаққа баланың ойын, көңілін,пейілін бұрып алу керек. Сондықтанқызығушылықты ояту үшін мен ойын элементтерін пайдаланамын. Мысалы : математика сабағында «Кім жылдам?» ойыны арқылы үйге берілген немесе өткен сабақтарда өткен білімдерін пысықтауды мақсат ете отырып, ойын барысында оқушының ынтасын арттырамын. Мұндайда сабаққа белсене қатысып жауап беріп жатқан жанындағы балаларға қарап, сыныптағы момын, көп сөйлей қоймайтын баланың өзі ынталанып , пәнге қызығушылығы оянады.

Кейде қызығушылықтарын арттыруда сыныпты топқа бөліп жіберемін де бір-біріне сабақтас үш тақырып беремін. Мысалы : ана тілі сабағында «Ара мен шыбын» тақырыбын өтпес бұрын «Ой шақыру » стратегиясын пайдаланып, бірінші екінші топқа жұмбақ (жауабы ара мен шыбын) үшінші топқа ребус шештірдім. Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтатып, яғни бұл бұрынғы «балалар,бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деген дайын дүниені айтып беруден алыстадым.

Тақырыппен танысқан соң оның мағынасын ашу қажеттілігі туындайды. Мұнда «венн диаграмма» қолдандым. Біріншіден мұнда сабақ аралық байланысты қалыптастырдым,бұларға ортақ қасиет ара да шыбын да жәндік бунақдене. Енді «ой ұштау» стратегиясы арқылы Ара мен шыбынның өздері білетін ерекшеліктері туралы айтады. Мағынаны ашу барысында баланы жалықтырып алмау үшін әрі танымдық дағдыларын байыту мақсатында мен Ара жайлы оқулықтан тыс ақпараттарды айтып өтемін.

  1. Із кескіш аралар қай жерде көп гүл өсіп тұрған жерді көріп,кең өз омартасына келген соң өзінің биі арқылы оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысты түсіндіреді екен.

  2. Олар өздерінң аналық араларын өте құрметтейді екен. (тамақтандырады жұмыс жасатпайды)

  3. Өз омартасының ауасын тазарту үшін көп аралар қатар тұрып қанаттарын бірге қағып желдеткіш орнатады екен т.с.с.

«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы тақырыптағы негізі идея не,егер сен кейіпкердің бірі болсаң не істер едің,автордың ойы не? деген мәселелерді шештік.

«Рөлге бөліп оқыту» және «сахналау» стратегиясы арқылы оқушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай жасай кеп шығармашылық дағдысын шыңдай түсуге мүмкіндік туындаттым.

«Топтастыру» стратегиясы арқылы ара мен шыбынға мінездеме беруге және сол арқылы автор адамдардың қандай қылығын сынағанын саралаттым.

«Ситуациялық жағдайды анықтау » стратегиясы арқылы қонақ күту, тазалық, қонаққа шақырудың да, қонақта болудың да мәдениеті бар екендігін сараптата кеп,оқушылардың ойын дамыттым,кейіпкердің орнында өзі болса қандай күйде болар едің? деген сұрақтар барысында өтілген тақырып туралы ой толғаныс жасаттым. Автор ойымен өз ойын сабақтастыра білуге, дұрыс сөйлей білуге,өз ойын дұрыс жеткізе біуге бағыттадым,машықтандырдым яғни күрделі ойлау өнерін меңгерді. Тақырыпты қорытқанда «БҮҮ»стратегиясын қолдандым.

Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді

Кестенің «білемін ,мен үйрендім » бөлімін сыныпта толтырсақ, үйренгім келеді білгім келеді бөліміне үйден интернеттен немесе қосымша ақпарат құралдарынан ара мен шыбын жайлы біліп, ізденуді тапсырдым.келер сабақта олар шыбын мен ара жайлы ақпарат, мақал мәтел,балама сөздер, ауа райын болжау жайлы мағлұматтар жинақтап,өздерінше ізденді. Шығармашық дағдыларын жетілдіру арқылы тақырыптағы шыбынның үйін,жататын жерін көзіне елестетіп сурет салдырдым. Ізденімпаздық – шығармашылыққа апаратын бірден–бір жол. Шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін оқушының өзін–өзі тануына өзіндік «менін» қалыптастыруға, сол «меннен» шығармашылық тұлғаға жетуіне ықпал жасау әр мұғалімнің міндеті.

Мен өзімнің осы сабақта сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін пайдалану арқылы неге қол жеткіздім.

-Ең бастысы оқушыларымды тақырыпты талдай білуге машықтандырдым.

— Шығарманы тек оқып қана қоймай, оның тәрбиелік мәнін ұқты

-Автор ойымен өз ойын сабақтастыра білуге үйренді және оқыған, естігендерінен ой тұжырымдай білуге дағдыланды.

-Сыныпта сабақта қатыспай қалған бала жоқ

-Өз пікірін дәлелдей білуге және өзінің пікірін тыңдай білуге

талпынды

-Оқушының тілдік қоры,сөйлеу дағдылары шыңдалды.

-Оқушы мен мұғалім арасында бірізділік қарым-қатыныс қалыптасты.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Жаңашыл педагогтардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
— Оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
-Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
-Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
— Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
— Оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы;
-Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
— Ата-аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, осы қасиеттер толық болған жағдайда ғана тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

— Өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
-Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
— Білім беру, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
Оқушылардың қаблеттерінің ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Сонымен, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденіп, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Сондықтан, білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми — ізденіс қабілеттерін қалыптастырып, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Қорыта айтқанда, істелген жұмыстардың нәтижелері неден көрінеді:

1.Оқушылардың білім көрсеткіштерінің артуы;
2. Қоғамдық жұмысқа белсенділіктің артуы, үйірме, сыныптан тыс шаралар, әр түрлі сайыстар т.б.;
3.Өткізілген шаралардың сапасының жақсаруы.
Өткен ғасырда Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қасиетін дамыту — басты қағидам. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор. Мен жас маманмын, тәжірибием де аз. Сондықтан ақыл айтудан аулақпын. Дегенмен, Жүсіпбек Аймауытовтың жоғарыда айтқан қағидасын басшылыққа алсақ қателеспейміз әрі жетістікке жетеміз дегім келеді. Ұстаздық қызметтеріңізге табыс тілеймін!


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *