Warning: Declaration of mts_Walker::start_el(&$output, $item, $depth, $args) should be compatible with Walker_Nav_Menu::start_el(&$output, $item, $depth = 0, $args = NULL, $id = 0) in /home/scarabey/domains/plani.kz/public_html/wp-content/themes/planykz/functions.php on line 0
Сутаж техникаммен жұмыс атты - Поурочные планы, обновленка КСП,ССП 2019-2020. Планы для учителей Казахстана

Ваша заявка принята

В течении 3-18 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Сутаж техникаммен жұмыс атты

Казахстан, г. Актобе

Средняя школа №14

Учитель изобразительного искусства

Аязбаева Гулден Жайылхановна

Сутаждан кулон жасау

Сутаж — іс жасауға арналған жалпақ және жіңішке түрлі-түсті жібек бау. Бүгінгі таңда біраз түрлі шығарылған. Сутаждан жасалған әшекей бұйымдар — сәнді, әдемі, сонымен қатар оны өзің жасап аласың. Сенбесеңіз, тап қазір бастап көрейік!

Шағылысқан кристалл мен табиғи тастардың жан-жағын жібекпен жүргізу – бұның барлығы қайталанбас және ерекше сутаждың әсерінен. Алғашқыда сутаж жаңадан бастаушыға қиын және түсініксіз болып көрінеді. Алайда, қолданысқа оңай және өте ыңғайлы құралдың бірі, өрнекті қалай жалғастыруға болатынын өзі-ақ айтып тұратындықтан қателесуге жол бермейді. Бұл сәнді хоббимен кез-келген әйел адам айналысуға болады, дегенмен бисер тігу мен канзаши жасап көрген адамға тіптен оңайға соғады.

Жұмысты бастамас бұрын, ең алдымен құрал-жабдықтарды дайындап аламыз және біраз уақытты керек етеді.

1. Қысқаша сутаж туралы түсінік.

2. Жұмыс жасау барысы. Сарамандық жұмыс

3. Хоббиден пайда көзі

4. Сарамандық жұмыс

Сонымен, әшекей жасауға бізге керек жабдықтар:

  • Сутажды бау (кез-келген тігін дүкендерінде сатып алуға болады)

  • Кабошон (табиғи тастар немесе полимерқолдануға болады)

  • Моншақтар (тастар, фарфор немесе әйнекті)

  • Бисер (чешский немесе жапон түрлері болған дұрыс)

  • Жіп (мононить)

  • Қайшы

  • Фетр немесе былғары кесіндісі

Қысқаша сутаж туралы түсінік.

Сутаж техникасы ХIV ғ. Францияда бастау алды. Бастапқыда сутажды тігіс әйел көйлектері мен аксессуарларын безендірді. Дамуға үлкен үлес қосқан голландия шеберлері болды, солардың еңбектері нәтижесінде аты тарихта қалды.

Ресейде бұл қолөнер түрі Ұлы Петр атқарған кезеңінде пайда болды. Әйгілі адамдар ер көйлектерін сутаж бауымен безендірді. Уақыт өте бұл қолөнер елеусіз қалды. Тек 90 жылдары М.Каприн атты дизайнер зергерлік бұйымдарда сутажды қолданды. Бұл тек көне өнердің жалғасуы емес, жаңа ағымдағы – зергерлік сутаждың дамуы болды.

Дайын авторлық әшекейлер айтарлықтай қымбат тұрады. Сондықтан көптеген қыз-келіншектер өз қолдарымен жасап алғанды жөн көреді. Әрине бұл қызықты іс, бірақ шыдамдылықты қажет етеді.

Жұмыс жасау барысы.

Біріншіден жасалатын әшекейдің нобайын бейнелеп алу қажет. Ол үшін суретші болу шарт емес, схемалы түрде қағаз бетіне өрнегі мен моншақ орналасуын белгілеңіз. Енді тігіп бастауға болады. Тігуге жіңішке жіп пайдаланамыз. Ол үшін сутажды 2-3 қабаттап, негізгі центрдегі кабошонның жан-жағын қоршап, моншақ қосып тіге бастаймыз. Сутаж бауы өрнектің әрмен қарай қалай жалғасуын өзі-ақ көрсетіп отырады. Бұйым дайын болған соң, теріс жағын әсемдеу керек. Бұл заттың тастай болып ұстап тұруына жауап береді. Әшекейді былғары немесе фетр үстіне қойып, жан-жағын белгілеп сызып аламыз, болған соң қиып желімдейміз. Әшекейдің жан-жағын бисерлеп көмкеруге де болады немесе сол күйінде қалдыруға да болады. Сутаж тәсілімен шашқа тағатын бұйымдарды, брошь, білезік, алқа, тұмарша т.с.с. жасауға болады.

Сонымен, қолөнермен шұғылдану жүрегіңізден орын алған болса, сіз қалайда шеберлік пен іскерлікке дағдыланасыз. Сіз жасаған сәнді де сапалы бұйымдарыңыз сұранысқа ие болатыны хақ!

Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/ULmwjL3p39Xeto


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *