Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Ы.Алтынсарин «Бір уыс мақта»

Казакстан, Жамбылская область, г. Тараз
Средняя школа №46
учитель начальных классов
Оралова Каламкас Кобеевна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға Ы.Алтынсарин туралы мәлімет бере отырып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру, сауатты, мәнерлі, түсініп оқуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, байқампаз іскерлігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, үнемшілдікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ
Түрі: жаңа білімді меңгерту

Әдістері: түсіндіру, баяндау, тірек — сызба, сұрақ-жауап, Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан Ойлауды Дамыту бағдарламасының стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақындардың суреті, мақта , үя, шапан, геометриялық фигуралар
Болжамдап отырған нәтиже: Оқушылар сауатты, мәнерлі , түсініп оқуға үйренеді, сыни тұрғыдан ойлап өз ойларын ашып айта біледі.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.1 Оқушылармен сәлемдесу.

1.2 Кезекшілермен сұхбат.

1.3 Психологиялық дайындық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

2.1 Өлеңді оқу (жатқа айту)

2.2 ст. «Кубизм»

Озық тапсырма: (Дарынды оқушымен жұмыс)

2.3 Қорытындылау.

2.4 Сергіту сәті.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
3.1 ст. «Қызығушылықты ояту » (жұмбақ жасыру)

3.2 ст. «Топтастыру»

3.3 ст. «Болжау» (суретпен жұмыс)

— Мұғалімнің түсіндірмесі: (мақсатын түсіндіру)

3.4 Оқулықпен жұмыс:

«Бір уыс мақта»

а) Тізбектеп оқу. (І қатар)

ә) Ролге бөліп оқу… (ІІ қатар)

б) Сұрақ –жауап (ІІІ қатар)

3.5 Дәптермен жұмыс (сөздік жұмыс жүргізу) 
3.6 Сергіту сәті:

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту:

4.1 ст. «Нақты сұрақ, дәл жауап»

4.2 Қорытындылау: « Құсқа қамқорлық»

Ү.Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау:

5.1 ст. «БҮҮ»

5.2 Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма:

6.1 Әңгімені оқып келу.

— Ы.Алтынсариннің өлеңдерін жаттау (1қатар)

-Құстардың суретін салу (2қатар)

-Мақтадан жасалған заттардың суретін салу (3 қатар)

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

    1. Психологиялық дайындық.
      Күн нұрындай әсем,

Бас иетін барша әлем.

Нұр ойнаған жүзінде

Ұстаздарға мың сәлем!!!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

2.1 Өлеңді оқыту (жатқа айту) «Сегіз аяқ» және «Әсемпаз болма әрнеге»

2.2 ст. «Кубизм»

Озық тапсырма: (Дарынды оқушымен жұмыс)

1. Абай кім?

2. Абайдың әкесі.

3. Абайдың шешесі.

4. Абайдың әжесі.

5. Жыл мезгілдері туралы қандай өлеңдері бар?

6. «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей» деген сөзді қалай түсінесің?

2.3 Қорытындылау. «Кітаптың бетін ашпасаң,өмір де саған есігін ашпайды.»

Сергіту сәті.

Бүгін бізде ерекше,
Сабақ болып жатыр ғой.
Тәртіп, оқу деңгейін,
Ұстаздар көріп отыр ғой.
Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Жалқаулықты тастайық

Жаңа сабақ бастайық.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

3.1 ст. «Қызығушылықты ояту » (жұмбақ жасыру)

Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар? (Мақта)

3.2 ст. «Топтастыру»

ұлпа

Жұмсақ

ақ

Мақта

өсімдік

жылы

көрпе

3.3 Мұғалімнің түсіндірмесі:

Олай болса ,біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бір уыс мақта» туралы болмақ.Бұл әңгіменің авторы Ы.Алтынсарин . Біз ы.Алтынсарин атамыз туралы біліп, әңгімені түсініп, мәнерлі оқуға үйренеміз.

Ы. Алтынсарин Қостанай обл.Қостанай ауданында дүниеге келген.Қазақтың ақыны,жазушысы. Әліппе атасы.Қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан.Сол мектепте орыс тілінің мұғалімі болған.Ұстаз-ағартушы. Балаларды оқуға , білімге шақырып көптеген өлеңдер жазып қалдырған.Ыбырай-шағын әңгіме шебері.

Слайд: Тірек — сызбамен жұмыс.

Ақын

жазушы

Ұстаз-ағартушы

Тұңғыш мектеп ашқан

«Бір уыс мақта» әңгімесі

Мұғалім оқып береді. Сұрақ қою:
— Әңгіме не туралы?
— Қыз бала не істейді?
— Торғайдың іс — әрекеті қандай болды?
— Әңгіме немен аяқталады?
3.4 Оқулықпен жұмыс:

а) Тізбектеп оқу. (І қатар)

ә) Ролге бөліп оқу… (ІІ қатар)

б) Тауып оқу. (ІІІ қатар)

3.5 Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс:
  шапан, қиқым, мамық .
Шапан – астарына жүн не мақта салып, сырып тігілетін киім.
Қиқым — бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы. Мақтаның қиқымы.
Мамық – құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

3.6 Сергіту сәті:

Ептеп – ептеп жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай – торғай томпаң — томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін.
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту:

4.1 ст. «Нақты сұрақ, дәл жауап»

-Әңгіме не туралы?

-Қыз қалған қиқымды не істеді?

-Шешесі торғайдың әрекетін не деп түсіндірді?

-Қалған қиқымды не істеуге болар еді?

-Әңгімеден соң қандай қорытынды жасауға болады?

4.3 Қорытындылау: « Құсқа қамқорлық»

Ү.Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау:

5.1 ст. «БҮҮ»

-Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Несімен ұнамады?

5.2 Бағалау , мадақтау.
ҮІ. Үйге тапсырма:

6.1 Әңгімені оқып келу.

— Ы.Алтынсариннің өлеңін жаттау (1 қатар)

-Құстардың суретін салу (2 қатар)

-мақтадан жасалған заттардың суретін салу (3 қатар)

Ссылка на материал: https://yadi.sk/i/-fg8PTYI34ZFT4

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *