Ваша заявка принята

В течении 3-12 часов на указанный емаил мы отправим реквизиты для оплаты.
Ожидайте, мы обязательно с вами свяжемся!

Открытый урок по казахскому языку в 9 классе на тему «Шешендік өнер»

Казахстан,Акмолинская область,Атбасарский район,с.Полтавка
Полтавская средняя школа
Учитель казахского языка и литературы
Кисекева Гульнар Наймановна

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік—   оқушыларға мәтіннің мазмұнын меңгерту, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту.

ә) тәрбиелік – қазақ халқының би, шешендердің сөздерімен таныса отырып, тапқырлыққа, әділ, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу.

б)дамытушылық —  оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, есте сақтау қабілеттерін, тіл   байлығын дамыту, грамматикалық білімдерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу.

 

                    Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    1. Сәлемдесу.
    2. Кезекшімен сөйлесу.
  2. Сабақтың тақырыбын , мақсатын , барысын айту.
  3. Үй жұмысын тексеру.

1.Өткен тақырыпты қайталау.

Сұрақтар:

  • Қырқүйек айында қандай мерекелер бар ?
  • Сендер ана тілдерінен басқа қандай тіл білесіңдер?
  • Тілді жақсы білу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
  • “Тілге құрмет – елге құрмет” тақырыбы бойынша кімнің қанатты, атаулы сөзін жатқа білесіңдер?
    1. Үйге берілген “Ана тілі” өлеңін сұрау.
    2. Жаңа сабақ.

Мұғалім: –  Балалар, Өткірдің жүзі

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан

Білмеске арзан

Надандар баһра ала алмас.

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сөйлеймін десең , өзің біл, – деген Абайдың бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсыңдар?

(Сөз өнері, шешендік туралы)

Ендеше, бүгінгі сабағымыз  шешендік сөздері, шешендік өнері, құрметті , атақты шешен адамдар туралы болады.

 

1.Жаңа сөздермен танысу. 49 бет.

2.Жаңа сөздермен  сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру.

3.Оқулықпен жұмыс.  Мәтінді мәнерлеп оқу.

  1. 3- тапсырма. 50 бет.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

5.Тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрастыру.

6.Тапсырма . Тест сұрақтарына жауап беру.

 

  1. Шешендік сөздерге не жатады?

А) эпостар    ә) мазмұндамалар  б) нақыл сөздер жиынтығы

2.Шешендік  сөздерде не көрінеді?

А) өткен өмірі   ә) ақыл- ойы, оқиғалары, арман- тілегі , дүниеге көзқарасы.

Б) келер шағы

3) Шешендік адам деген кім?

А) сөзге жүйрік, ділмар, тапқыр адам  ә) ән жазатын адам

Б) шығарма жазатын  адам

4) Демосфен, Цицерон деген адамдар кім ?

а) ғалымдар   ә) ағартушылар    б) жыраулар, ақындар,шешендер.

  1. Қазақ халқының атақты, қадірлі шешендері кім болған ?

А) Жиренше, Майқы би, Асан қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б.

ә) Шоқан Уәлиқанов, Ыбырай Алтынсарин, Сәкен Сейфуллин

б) Роза Бағланова, Күләш Байсеитова, Шәмші Калдаяқов.

 

7.Сергіту сәті.

  1. 6-тапсырма.51 бет. Өлеңді 3 минута есте сақтап , жатқа жазу.

9.7- тапсырма. 51 бет. Оқулықтағы мәтіннен  бір сөйлемді алып ,синтаксистік талдау.

  1. Үйге тапсырма. 1. Жаңа сөздерді жаттау. 49 бет.
  2. 4- тапсырма. 50 бетте. Жазбаша синтаксистік талдау.
  3. Рефлексия . Әр оқушы стикерге өз ойларын жазып “Таразына “ жапсырады.

7. Бағалау.

Скачать

(Просьба не дублировать сообщения, мы отвечаем в течении 1-3 часов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *